Previous Page  340 / 360 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 340 / 360 Next Page
Page Background

340

Отбасы ғылымхалы

Күйеуі талақ еткен әйелін қалай қайтарып

ала алады?

Егер ер кісі әйелін рижиғ талақ жасаса немесе екі

рет талақ етіп, кейін әйелін қайта алғысы келсе, әйелінің

ғиддат мерзімі аяқталмаса, онда: «сені қайтардым»,-

деген сияқты сөзбен қайтарып ала алады. Немесе оны

сүю сияқты жағымды қылықтар арқылы қайтарып алуына

болады. Бұндай жағдайда куәлердің болуы - мұстахап.

Куәсіз қайтару да дұрыс болып саналады.

Әйелдің ризашылығының шарт болмағаны сияқты

жаңадан неке қиып, мәһір төлеу де міндет емес.

Ал егер ер адам әйеліне бір немесе екі рет талақ бер-

геннен кейін ғиддат уақытын аяқтаған кезде оны қайтарып

алғысы келсе, онда ол жаңадан некесін қиып, маһрін төлеуі

керек

.

Ерлі-зайыптылардың бірі жасаған зинасы

туралы үйленердің алдында айтуға міндетті

бола ма?

Ислам діні шариғат бойынша адамның айыбын ашуды

қаламайды, керісінше оны жасыруға тырысады. Жасалған

күнәны және оны жасаған адамды шариғатта да жасырады.

Пайғамбарымыз

(аләйһис-саләту уәс-сәләм)

:

«Егер кімде-кім осы

дүниенің күнәларының бірін жасаса, Аллаһ оны ашпайын-

ша оны жасырсын. Аллаһқа тәуба етсін, Аллаһ оның

тәубесін қабыл етеді»,

-деген.

Сондай-ақ күйеуі әйелінің өткен өмірін қазбалап,

қандай болғанын айтып беруін талап етуі дұрыс емес.

Әйел де оған жауап беруге міндетті емес.