335
ӘР ТҮРЛІ МӘСЕЛЕЛЕР
1
. Әйеліңді талақ еткеннен кейін тыйым салынған
әйелдерге қашан үйлене беруге рұқсат етіледі?
Талақ болған әйелінің ғиддат уақыты аяқталғаннан
кейін әйелдің сіңілісіне немесе әпкесіне немесе нағашы
әпкесіне немесе т.б. тыйым салынған туысқандарына
үйленуіне рұқсат беріледі. Ғиддат уақыты аяқталмай
үйленуге рұқсат жоқ.
2.
Мұсылман емес қызға үйленуге бола ма?
Иә, егер ол қыз кітап иелерінен болса ғана. Яғни ол
қыз илаһи (христиан және яһуди) діндеріне сенетін бол-
са. Одан басқаларға үйленуге болмайды. Бұған Аллаһ
Тағаланың:
«
...Әрі сендерден бұрын Кітап берілген
(хрис-
тиан, яһуди)
дерден де мухсанәт
(абыройлы)
әйелдермен
маһрлерін беріп, бой суытушы, астыртын көңілдес бол-
май үйленулерің халал етілді...
.»
551
-деген аяты дәлел.
Бұл аяттағы «мухсанәт» деген сөздің мағынасы сали-
халы, діндар әйелдер дегенді білдіреді.
Сол сияқты мажусиліктерге де үйленуге болмайды.
Бұл туралы Пайғамбарымыз
(аләйһис-саләту уәс-сәләм)
:
«мажуси
әйелдеріне үйленбеңдер, олардың сойғанын (малдарын)
жемеңдер»
, - деген.
Сондай-ақ пұтқа табынушыларға да үйленуге
рұқсат жоқ. Аллаһ тағала Құран Кәрімде:
«
...Мүшрік
қатындарға олар иман келтіргенге дейін үйленбеңдер.
Азат мүшрік қатыннан мүмін күң артық. Егер сендерді
қызықтырса да. Және иман келтіргенге дейін, мүшрік
ерге мүмін әйелдерді де үйлендірмеңдер. Егер олар сен-
551
Мәйда сүресі, 5-аят.