Previous Page  341 / 360 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 341 / 360 Next Page
Page Background

341

Әр түрлі мәселелер

Әйелдің де күйеуінен зина жасағаны, жасамағаны тура-

лыайтуын талап етуі дұрыс емес. Тіпті ерлі-зайыптылардың

бірі қазының алдында зина жасағанын мойындаған күннің

өзінде қазы: «Сен ұмытып, қателесіп, шатасып тұрсың»-

дегені сияқты сөздермен райынан қайтаруға әрекет етуге

тырысуы керек. Бұған Пайғамбарымызға

(аләйһис-саләту уәс-

сәләм)

бір кісі келіп зина жасағандығын айтқан кезде оған:

«Мүмкін сен оны сүйген боларсың, мүмкін қолың тиген

болар...»,

-деген сөздері дәлел.

Қыз бен жігіт некелерін тойдан бұрын

қиюларына бола ма?

Қалыңдық жігіттің үйіне келін болып түсерден бір-

екі апта бұрын ғана некелерін қиюларына болады. Әрі

бұл екі жақтың ата-аналарының рұқсатымен болуы керек.

Көптеген мұсылман елдерінде қыз бен жігіт тойға әзірлікті

бірге жасайтындықтан некелерін тойдан бұрын қиып

қояды. Алайда тойдан бір яки бірнеше ай бұрын неке-

лерін қиюларына болмайды. Ал ата-аналарының батасын

алмай мүлде қиюға болмайды. Өйткені, некелері қиылған

қыз бен жігіт «ерлі-зайыптымыз» деп күндердің бір күні

жақындасып қоюлары мүмкін. Содан соң көп ұзамай бір-

бірімен жараса алмай ажырасып кетулері мүмкін. Олардың

некелерінен бейхабар құдалар кейіннен есітіп білсе арты

дауға ұласары анық. Той болмағандықтан бұл ел-жұртқа

«азаматтық неке» болып қана көрінбек. Әсіресе, тойдан

бұрын қыздың аяғы ауыр болып қалса, қанша тақуа бол-

са да бұл жағдайды түсіндіре алмайды. Атам қазақтың

«үйлену оңай, үй болу қиын» деген қанатты сөзінде терең

сыр жатыр.