343
Терминдерге түсінік
Әһлі кітап:
Христиан мен яһуди дінін ұстанғандар.
Әурет:
Қарауға харам, жабылуы парыз мүшелер. Ер
кісілер үшін кіндік пен тізенің арасы, әйелдер үшін бет-
жүзі, білезікке дейінгі екі қолы және тобыққа дейінгі екі
аяғынан басқа барлық жерлері.
Байын талақ:
Некелері аяқталып, жаңа бір неке бол-
майынша ерлі-зайыпты өмірді жалғастыруға мүмкіндігі
жоқ талақ түрі.
Бәйинә:
Айқындылық.
Ғиддат:
Ажырасудан не күйеуінің қайтыс болуынан
әйелдің некелік тұрмыстан түгелдей арылуы үшін өлшемі
белгіленген мезгіл.
Зиммәт әһлі:
Ислам мемлекетінде тұратын мұсылман
емес адамдар.
Зина:
Ойнас. Ислам дініндегі үлкен күнәлардың
бірі.
Ижмағ:
Ислам ғұламаларының белгілі бір мәселенің
үкімінде ортақ көзқарас.
Иқрар:
Растау, мойындау.
Ихрам:
Қажылық яки умра немесе екеуін бірге жасау
ниетімен, басқа уақыттағы халал кейбір істерді, қажылық
пен умра уақытында кісінің өзіне харам қылуы.
Кәффарат:
Жасаған күнәсінің орнын жақсылықпен
толтыру.
Мажуси:
Пұтқа табынушы.
Махрам:
Әйелдің тұрмысқа шығуы харам жақын
туысы