331
Отбасы ғылымхалы
Ал мәлики мен ханбалилер бойынша жоғалған
адамның тірі екендігінен үмітін үзген сәттен бастап
төрт жыл күтеді. Осыдан кейін әйелі қазыға арызда-
нып жоғалғандығының анық-қанығын және ажырасу
шешімінің берілуін талап ете алады. Қазы ерлі-зайып-
тыларды ажырататын болса әйел төрт ай он күн ғиддат
мезгілін күтеді. Хазіреті Омардың да осындай көзқараста
болып, осыны іске асырған
549
. Бірақ жоғалған адамның
жасы жетпіске жетпейінше мал-мүлкіне мирасқор бола
алмайды. Османлы мемлекеті де әйелдің жағдайына қарай
мәлики мәзһабына сай үкім шығарған
550
.
Негізінде көбінесе жоғалу соғыс кезінде болады.
Соғысқа қатысқан сарбаздар мен тұтқындар оралғаннан
кейін бір жыл өткен кезде де бейхабар кететін болса онда
әйелі қазыға арызданып ажырасады. Әйел өлім ғиддатын
күтіп одан соң тұрмысқа шыға алады. Осыдан кейін бір
күні аяқ астынан күйеуі келе қалса ол жаңа некені бұза
алмайды.
Тақуаның әңгімесі...
Хазіреті Мұса бір күні жолда кетіп бара жатып, бір
шопанға жолығады. Шопан: «Ей, жомарт Иесі Аллаһым! Сен
қайдасың? Мен саған құл, жолыңа құрбан болғым келеді.
Аяқкиіміңді тігіп, шаштарыңды тарайын. Киімдеріңді жуып,
биттеріңді сығайын. Ей, Ұлы Раббым Аллаһ! Саған сүт бе-
рейін. Барлық ешкілерім саған құрбан болсын! деп тұрған
еді. Хазіреті Мұса (а.с): «Сен кіммен сөйлесіп тұрсың?» деп
сұрайды. Сонда шопан: «Жер мен көкті жаратқан Аллаһ
Тағаламмен тілдесіп тұрмын» деп жауап қатады. Хазіреті
Мұса осыны естіп оған қатты ашуланып, Аллаһ Тағалаға
бұлай айтуға болмайтындығын ескертеді. Шопан істеген
549
Ибн Рушд, 2/52.
550
Хамди Дөндүрен, а.а.е, 463 бет.