329
Ғиддат
وَالّذِينَ يُتَوَفّوْنَ مِنْكُمْ وَيَذَرُونَ أَزْوَاجًا يَتَرَبّصْنَ بِأَنْفُسِهِنّ أَرْبَعَةَ
أَشْهُرٍ وَعَشْرًا
«Сендерден қайтыс болғанның артында қалдырған
әйелдері өздері; төрт ай он күн ғиддат күтеді»
деп
айтылады
544
. Мұның мұнша уақыт күту себебінің сыры –
жоғарыда айтқанымыздай тұрмыс нығметінен мақұрым
қалып күйеуінен айырылған соң оңаша қалып аза тұтуы.
Бұл жерде әйел хайыз көрсе де немесе хайыз көрмейтін
кәрі жаста болса да бір-біріне жақындамаса да нәтиже
өзгермейді. Өйткені бұл туралы айқын аят тұр.
Үшінші
:
Жүкті әйелдің ғиддаты:
Ерінің қайтыс бо-
луы не күйеуінен ажырасқан кезде жүкті болған әйелдің
ғиддаты босанған кезге дейін жалғасады. Бұл тура-
лы ғалымдар арасында ауызбірлік бар. Аллаһ Тағала
Құранда: ّ
وَأُولَتُ الَْحْمَالِ أَجَلُهُنّ أَنْ يَضَعْنَ حَمْلَهُن
«Жүкті әйелдердің ғиддаттарының ақыры –
сәбилерін дүниеге әкелулері»,
545
– дейді. Өйткені жүкті
болған әйелдің құрсағы тек босанған кезде ғана тазарады.
Пайғамбар заманында Харис қызы Субәйға жүкті болған
кезінде күйеуі қайтыс болып он күннен соң босанады. Сол
кезде Хақ пайғамбар оған ғиддатының аяқталғанын айтып
қаласа тұрмысқа шыға алатынын ескертеді
546
.
Ал егер жүкті әйел түсік тастайтын болса түсіктің
түр-түсі белгілі болса ғиддат аяқталады. Болмаса түсік
арқылы ғиддат аяқталмайды. Өйткені күмәнмен ғиддат
544
«Бақара» сүресі, 2/234.
545
«Талақ» сүресі, 65 аят.
546
Бухари, Талақ, 39.