328
Отбасы ғылымхалы
аралығында күйеуінің қайтадан оралуына мүмкіндік беруі.
Осы хикметтің бірі ретінде егер әйел ажыраса салып басқа
біреуге тұрмысқа шығатын болса, туған баланың кімге
тиесілі екені беймәлім немесе екі ортада дау туатын еді.
Енді ғиддаттың түрлеріне келейік:
Бірінші: Талақ етілген әйелдің ғиддаты:
Ажырасқан
әйел жүкті емес және хайыз болатын жаста болатын бол-
са онда ол үш хайыз және тазару мезгіліне дейін ғиддат
күтеді. Құранда:
«Талақ болған әйелдер үш етеккір мер-
зімі күтеді»
деп айтылады
541
. Ханафилер мен ханбалилер
бойынша Құрандағы «қуру» сөзі үш хайыз мезгілі деген
мағынаға келеді. Ендеше әйел хайыз болмай тұрып таза
күйінде күйеуінен ажырасатын болса үшінші хайыздан
тазарған кезде ғиддат мезгілін аяқтайды. Ал әйел хайыз
кезінде талақ етілген болса онда оның сол хайыз кезі бірін-
ші хайыз мезгіліне жатпайды. Одан бөлек үш хайыз мез-
гілін күтуі тиіс. Бірақ бұл әйелге ауыр тиетін болғандықтан
күйеуінің мұндай хайыз кезінде талақ етуі дінде «бидғат»
саналып сүннетке теріс іс-әрекет болып саналады
542
.
Сөз соңында, әйел шамамен айына бір рет хайыз
көретін болса талақ ғиддат мезгілі үш ай уақытында
жүзеге асады
543
.
Екінші: Ері қайтыс болған әйелдің ғиддаты:
Егер
әйелдің күйеуі қайтыс болып, ал әйел жүкті болып қалатын
болса онда оның ғиддат мерзімі сәбиді дүниеге әкелісімен
аяқталады. Ал егер әйел жүкті болмаса онда оның ғиддат
мерзімі төрт ай он күн. Құранда:
541
«Бақара» сүресі, 2/228.
542
Касани, 3/191; Ибнул Хуммам; Ибн Қудамә, әл-Муғни, 7/449.
543
Хамди Дөндүрен, а.а.е, 460 бет.