Previous Page  327 / 360 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 327 / 360 Next Page
Page Background

327

Ғиддат және түрлері

Ғиддат – (сөздікте) белгілі сан, талақ етілген, яки

ері қайтыс болған әйелдің қайтадан тұрмыс құруы үшін

күтуі қажет мезгіл деген мағынаға саяды. Шариғат тер-

минінде ханафилар бойынша, некелік тұрмыстың әсерінен

түгелдей арылуы үшін өлшемі белгіленген мезгіл деген

сөз. Ал көпшілік ғұламалар бойынша ғиддат – әйелдің

жүкті болып, яки болмағандығының білінуі үшін яки ері

қайтыс болғандықтан әйелінің арнайы бір мезгіл күтуі

деген сөз. Басқа бір сөзбен айтқанда ажырасқан әйелдің

басқа біреуге тұрмысқа шығу мүмкіндігіне ие болуы үшін

белгілі бір уақыт күтуге мәжбүр мезгілі.

Алайда ерлі-зайыптылар некелерін қиып бірақ бір-

біріне жақындамай тұрып ажырасатын болса мұндай

әйелге ғиддат күтуі қажет емес. Құранда:

يَا أَيّهَا الّذِينَ آمَنُوا إِذَا نَكَحْتُمُ الْمُؤْمِنَاتِ ثُمّ طَلّقْتُمُوهُنّ مِنْ قَبْلِ

أَنْ تَمَسّوهُنّ فَمَا لَكُمْ عَلَيْهِنّ مِنْ عِدّةٍ تَعْتَدّونَهَا

«Мұсылман әйелдермен некеленіп оларға қосылмай

тұрып талақ ететін болсаңдар онда оларға сендер са-

найтын ешқандай ғиддат жоқ»

540

деп айтылады.

Қысқаша айтқанда, Ислам дініндегі «ғиддаттың» хик-

меті әйелдің ажырасқан күйеуінен жүкті болып немесе

болмағандының айқындалуы немесе Аллаһтың қойған

заңына бағынып, сауап мақсатымен күтуі я болмаса

күйеуінен бөлек қалғанына өкініп не болмаса осы аралық

540

«Ахзаб» сүресі, 33/49.