Previous Page  320 / 360 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 320 / 360 Next Page
Page Background

320

Отбасы ғылымхалы

бірдей. Әйелдің жаратылысы қашан да нәзік және сезім-

тал. Ол кейде ашуланған шақта өз-өзіне ие бола алмай

артық сөздер айтуы мүмкін. Тіпті мұндай жағдай хайыз,

нифас кездерінде көп кездесуі мүмкін. Сондықтан кейбір

сезімтал әйелдер күніне бір емес бірнеше мәрте талақ етуі

мүмкін. Ислам дінінің әйелге де талақ ету құқығын діндегі

ер мен әйелдің тепе-теңдігінің көрсеткіші.

Некенің қазының шешімі арқылы аяқталуы

Ислам дінінде әйелдің қазыға шағымдануы арқылы да

ерінен ажырасуға болады. Бірақ мұндай жағдайда ажыра-

суына қатысты айқын дәлелдер болуы қажет. Қазы да ерлі-

зайыптылардың себептерін зерттеп соған қарай шешім

шығарады. Бұларға төмендегі себептерді айтуға болады.

Бірінші:

Науқас, яки себеп. Ханафилардан бөлек

көпшіліктің көзқарасы бойынша ерлі-зайыптылардың

әрқайсысының себебі болу арқылы қазыға шағымдануына

болады. Өйткені науқас арқылы бір-бірлерінен зиян көруі

мүмкін. Әбу Ханифа мен Әбу Жүсіпке қарай әйелдің

қазыға шағымданып некелерін бұздыру үшін ерінің белі

жоқ, күш-қуаты жоқ және сиқырланып қалуы сондай-ақ

ерінің жынысының беймәлім болуы секілді шарттар болуы

қажет. Имам Мұхаммед бойынша, әйел ерінен қандай да

бір өзіне зиян тиетін кемшілік пен науқас көретін болса

қазыға шағымдана алады.

Имам Шафиғи мен Мәлики бойынша ерлі-

зайыптылардың әрбірінде жыныстық қатынасқа қатысты

кемшілік, яки жарыместілік, алапес сияқты жиіркенішті

науқастарда қазыға шағымдана алады.

Екінші:

Ерінің нәпақа таба алмауы. Әйелдің нәпақасы

еріне тиесілі. Ханафилер бойынша ерінің кедейлігі үшін

қазы некелерін бұзып ерлі-зайыптыларды ажырата ал-