315
Талақтың түрлері
қарастырған. Әйтсе де кейде ерлі-зайыптылар бір-бір-
лерімен мүлде түсінісе алмай бірге өмір сүруден қалуы
мүмкін. Міне осындай шақта ғана Ислам діні оларға ажы-
расу мүмкіндігін берген.
Жалпы ханафи мәзһабында талақ мәселесі мүбаһ
әрекетке жатады. Өйткені төмендегі аяттардың жалпы
мағынасы осыған саяды.
«Әйелдеріңді некелескеннен
кейін олармен жыныстық қатынас жасамай тұрып
яки олармен мәһір жайында келіспей тұрып талақ
ететін болсаңдар мұнда тұрған ешқандай ағаттық
жоқ»
522
.
«Ей, Пайғамбар! Әйелдеріңді талақ еткілерің
келсе оларды «ғиддаттары» ішінде талақ етіңдер»
523
.
Бұдан бөлек Пайғамбарымыздың
(аләйһис-саләту уәс-сәләм)
да
Хафса деген әйелін талақ еткені сондай-ақ көптеген
сахабалардың да әйелдерін талақ еткені аян. Егер талақ
ету харам болғанда Пайғамбар да сахабалар да талақ ет-
пейтін еді.
Бірақ бұның бәрі ер кісінің әйелін кез-келген уақытта
яки ерлі-зайыптылар бір-бірін қалаған уақытта талақ ете
береді деген сөз емес. Тіпті аталмыш бірінші аятта ерлі-
зайыптылар бір-бірімен жақындаспай тұрғанда талақ етуді
мүбаһтығын ал екінші аятта талақтың уақытын айтып тұр.
Яғни талақ мүбаһ болғанымен адал ас ішу секілді мүбаһ
емес. Атам қазақтың «үйлену оңай үй болу қиын» дегенін-
де осы мән жатыр. Сондай-ақ Пайғамбар да сахабалар да
талақ еткен болса зәру жағдайларға байланысты талақ
еткен. Тектен-текке ажырасу отбасы мүшелерін өмір бақи
айықпас дертке, орны толмас өкінішке алып баруы мүмкін.
Сондықтан ибн Абидин көпшілік ғұламалардың пікірін
негізге алып «Талақтың негізі – харам. Бірақ оны мүбаһ
522
«Бақара» сүресі, 236.
523
«Талақ» сүресі, 1.