Previous Page  311 / 360 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 311 / 360 Next Page
Page Background

311

Талақтың түрлері

2. «Байын» (айқын, ақырғы) талақ

«Байын» (айқын) талақтың түрлері

Талақ кезінде ғиддат мезгілі аяқталған және жаңа бір

неке қимайынша ерлі-зайыптылық өмірді жалғастыруға

мүмкіндігі жоқ талақты «байын» (айқын) талақ» деп атай-

ды. Бірақ ерлі-зайыптылардың осы ажырасулары «кіші

ажырасу» және «үлкен ажырасу» болып екіге бөлінеді.

Бірінші.

Кіші ажырасу. Бұл ердің талақ еткен әйеліне

«ғиддат» күту мезгілі ішінде немесе одан кейін жаңа бір

неке мен жаңа мәһірмен қайта қосылу мүмкіндігі бар

талақ. «Ғиддат» ішінде оралатын болса оған некелесудің

қажеті жоқтығын жоғарыда айтып өткенбіз. Ал мынадай

төменгі жағдайларда жаңа неке мен мәһір керек. Олар

атап айтқанда ерлі-зайыптылар алғашқы төсек қатынасын

жасамай тұрып ажырасуы, арнайы ақы беру арқылы талақ,

әсірелеп қатты сөзбен талақ етуі немесе ерінің нәпақаны

тауып бере алмауы, не қазыға әйелдің арыз беруі арқылы

ажырасу түрлері осыған жатады. Осы түрлерді төменде

жеке-жеке қозғап өтеміз.

Екінші:

Үлкен ажырасу. Басқа біреуге тұрмысқа

шықпайынша үйлену мүмкіндігі жоқ талақ түрі. Бұл ту-

ралы да жоғарыда бірнеше мәрте айтып өткенбіз. Ері

әйелін бір рет не түрлі уақыттарда үш рет талақ ететін

болса берілген үш талақ ету құқын бітіріп, араларында

айқын және үлкен ажырасу болады. Мұндай кезде әйел

өзінің «ғиддат» мезгілін аяқтап, басқа бір ерге тұрмысқа

шығып онымен бірге төсек қатынаста болып одан кейін

өлім, талақ т.б секілді әр түрлі себептермен сол ерінен

ажырасып одан кейін «ғиддат» мезгілін бітірген соң ғана