316
Отбасы ғылымхалы
ететін жағдайлар мен шарттар туындаған жағдайда ғана
адал бола алады. Сол себепті некелік нығметтен орынсыз
бас тартудың ешбір жөні жоқ. Жайдан-жай ажырасу нағыз
ақымақтық, Хақ Тағаланың берген ырыс-несібесін аяқ
асты ету деген сөз. Сондай-ақ отбасы мен бала-шағасына
азап шектіруден басқа еш нәрсе емес» дейді
524
.
Оның үстіне талақ Ислам дінінде Аллаһ Тағала және
Оның елшісінің ризалығындағы іс-әрекет емес. Әсіресе
әйел салихалы кісі болса оны талақ еткеннен не пайда?
Құранда
«Егер әйелдерің түзеліп сендерге бағынатын
болса онда оларға қарсы бір сылтау іздеуші болмаңдар»
дейді. Яғни «жо-жоқ тақуа әйел болса да, тәубе етіп түзелсе
де соңғы кезде менің жүрегім қаламай жүр. Бұрынғыдай
бола алмаймын. Оған деген көңілімдегі сүйіспеншілігім
сөніп қалды» деп шиеттей бала-шағасымен бірге талақ
етіп әйелді бақытсыздыққа итермелеуші болмаңдар. Хақ
пайғамбар да бір хадисінде
«Аллаһтың ең көп ашуын
шақырған адал іс – талақ»
дейді. Яғни «Менің дінде талақ
етуге құқым бар» деп орынсыз әйелін талақ еткен адам Хақ
Тағаланың қаһарына ұшырайды. Қазіргі таңда да елімізде
төрт мәзһабқа жатпайтын жат ағымдар бар. Олар қалаған
кезде әйел алып, көңілі ұнатпаған кезде талақ етіп басқа
әйелге үйленіп жатады. Бұлар «талақ – мүбаһ іс» деп дін-
мен ойнап жатқандарын білмейді. Бірде Пайғамбарымыз
бір адамның әйелін үш рет бірден талақ еткенін естіген кез-
де ашуланып:
«Мен әлі араларыңда жүрсем де Аллаһтың
кітабымен ойнағандарың ба?»
деп қатты ашуланады.
Сонда бір сахаба орнынан қарғып тұрып: «Пайғамбарым!
Оны өлтірейік пе?» деп сұрайды
525
.
524
Ибн Абидин, а.а.е; 2/271.
525
Нәсәи, Талақ, 6.