Previous Page  321 / 360 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 321 / 360 Next Page
Page Background

321

Талақтың түрлері

майды. Мұндай кезде әйелдің сабырлық танытуы тіпті

қаласа ерінен рұқсат алып жұмыс істеуі, яки ерінің біре-

уден қарыз алып нәпақа табуы қажет.

Шафиғи, Мәлики, Ханбали бойынша ері нәпақа

таба алмайтын болса әйелдің қазыға шағымданып талақ

ету мәселесін қозғауына болады. Аятта:

«Талақ еткен

әйелдеріңе зұлымдықжасауүшінұстаушыболмаңдар»,

533

– дейді.

Сайд ибн әл-Мусәййәбке (ө. 93/711): «Әйеліне қажетті

нәпақасын таба алмаған кісі сол әйелімен ажыратыла ала

ма?» деп сұрағанда, «Сүннетке қарай» деп жауап берген.

Бұл сөзімен Пайғамбардың сүннетіне қарай ажырасты-

ра алады» дегенді меңзеген

534

. Сондай-ақ хазіреті Омар

әйелдерінен бөлек өмір сүрген еркектер туралы әскер

қолбасшыларына хат жазып: «Оларды терге! Не напақасын

берсін, не болмаса талақ етсін. Талақ ететін болса оларға

тиесілі бұрынғы жиналып қалған нәпақаларын да берсін»

деп әмір етеді

535

.

Үшінші:

Ерінің үйін тастап кетіп қалуы: Ерінің үйін

тастап кетіп қалуынан әйелінің қиыншылыққа тап болып

фитнәға түсу қаупі туындаса, қазыға шағымданып неке-

лерін бұздыру мәселесі туындайды.

Ханафилер мен Шафиғи бойынша ер кісінің үйін

қысқа мерзімге немесе ұзақ мерзімге тастап өз бетімен

кетіп қалуы, әйелінің қазыға шағымданып талақ ету

құқықын тудырмайды. Мұндай кезде қазыға арызданып

ерін таптырып нәпақасын алуы тиіс.

Ал егер ері үйден кетіп өлі-тірі екені белгісіз бол-

са, онда «жоғалған» үкім іске асады. Мұндай жағдайда

533

«Бақара» сүресі, 231.

534

Зуһайыл, 7/513.

535

Сол жерде.