319
Талақтың түрлері
Ердің әйеліне талақ ету құқығын беруі
Ислам дінінде талақ ету құқығы ерге берілген. Бірақ
сонымен қатар кейбір зәру жағдайларда әйелдің де қазыға
шағым жасап ажырасуларына болады. Һәм ер де талақ
ету құқығын әйеліне беруіне болады. Егер ері әйеліне
мұндай билікті беретін болса кейіннен қайтып ала алмай-
ды. Яғни мұндай жағдайда қалаған уақытта әйелі де талақ
құқығын пайдаланып некелерін бұза алады. Бұған дәлел
Құран мен сүннет. Құранда Аллаһ Тағала:
«Пайғамбар!
Жұбайларыңа: «Дүние тіршілігін және оның сәнін
көксесеңдер, дереу келіңдер, сендерге бір нәрселер беріп,
көркем түрде ажырайын» де. Егер Аллаһты, Елшісін
және ақырет жұртын қаласаңдар, әрине, Аллаһ сен-
дерден жақсылық істегендерге зор сыйлық дайын-
дайды»
- деп айтылады
531
. Бұл аят Пайғамбарымыздың
(аләйһис-саләту уәс-сәләм)
жарлары «біздің де төрт құбыламыз
түгел болып, мал-мүлкіміз болса» дегендеріне қатысты
түскен. Осы аят бойынша Аллаһ елшісі оларды өз ерік-
теріне қалдырды. Қаласа ажырасып көп дүние алып бөлек
өмір сүре алатын еді. Хазіреті Айша: «Аллаһ елшісі бізді
өз еркімізге қалдырды. Ал біз Аллаһ пен Оның елшісін
таңдадық» дейді.
Ер кісі әйеліне талақ ету құқығын неке қиярда бере
алады. Әйел еріне: «талақ ету құқығын алу арқылы саған
тұрмысқа шықтым», – дейтін болса, ері де «иә, қабыл
еттім» дейтін болса ұсыныс жүзеге асады. Шаңырақ
құрғаннан кейін де осындай құқықты бере алады
532
.
Бірақ мұндай оқиға тарихта аз кездеседі. Өйткені
әйелге талақ құқығын беру отбасын қауіп тудырумен
531
«Ахзаб» сүресі, 33/28.
532
Касани, 3/113; Ибнул Хуммам.