Previous Page  313 / 360 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 313 / 360 Next Page
Page Background

313

Талақтың түрлері

ғана іске асады. Яғни олар қайта қосылатын болса әйелінің

де келісімі қажет болмақ.

Үшінші:

Әсірелеп қатты сөзбен батырып талақ ету

немесе астарлы сөздермен талақ ету түрі. Мысалы, «Сен

«байын» бір талақпен боссың, қатаң бір талақпен боссың,

бұдан кейін саған оралу мүмкіндігі жоқ бір талақпен

боссың, сен талақтың ең қатаңымен боссың, сен таудай бір

талақпен талақ болдың, сені ең жиіркеншті бір талақпен

талақ еттім» сияқты сөздермен талақ ету «байын» айқын

талақ болып іске асады.

Сондай-ақ астарлы сөздермен талақ етуде егер ни-

еті болса «байын» талақ іске асады. Мысалы «шық, ата-

анаңның үйіне бар да қайта оралушы болма, енді боссың,

төркініңе орал» сияқты сөздер осы түрге жатады. Бірақ

басым көпшілік мүштеһидтердің көзқарастарында осы

талақ түрі «байын» талаққа жатпайды. Бұл тек ханафи-

лерде ғана

520

.

«Байын» талақтың үкімдері

Кіші ажырасу жағдайында. Бір немесе екі «байын»

талақ арқылы кіші ажырасу іске асады. Олардың нәтижесі

мынау.

1. Талақ болу арқылы неке аяқталады. Бірақ қайтадан

қосылуына болады.

2. Талақтың саны азаяды.

3. Әйел «ғиддат» біткенге дейін ерінің үйінің бір

бөлмесінде тұра алады. Ерінің оған деген нәпақасы

да жалғасады.

4. Қайтыс болғанға не ажырасқанға дейін кешіктіріл-

ген мәһір осы кезде нақты қолға берілуі тиіс.

520

Касани, а.а.е. 3/101.