309
1. «Рижиғ» (қайту) талағы
Ер кісі әйелін бір мәрте талақ ететін болса, «ғиддат»
күту мерзімі аяқталғанға дейін жаңа неке қимай-ақ һәм
жаңа «мәһір» бермей-ақ райынан қайтып, әйеліне қайта
қосылуына болады. Яғни әйелі «ғиддат» мерзімінің бітуін
күтіп отырған кезде күйеуі оған барып некені ары қарай
жалғастыруды білдіруі жетіп жатыр. Бұдан кейін олар
ары қарай бұрынғыша ерлі-зайыпты болып өмір сүре бе-
реді. Құрандағы
«талақ екі мәрте»
деген аят бойынша
талақ етудегі үш мүмкіндігінің бірінен айырылады. Әрі
қарай тағы бір рет талақ ететін болса, әйелі «ғиддат» күту
мерзімі кезінде ердің өз ойынан қайтып әйеліне оралуы-
на болады. Алайда, ер кісі осы екі талақ ішінде әйеліне
«ғиддат» мерзімі аяқталғаннан кейін ойынан бас тарта-
тын болса, онда мақсатына жете алмайды. Өйткені осы
екі талақтың «ғиддат» мерзімі аяқталған кезде бұл талақ
айқын талаққа айналып кетеді. Егер ерлі зайыптылардың
қиған некелері күту «ғиддат» мерзімімен бірге аяқталған
соң қайта қосылғылары келсе, жаңадан неке қиюларына
тура келеді. Үйленген соң ер кісінің талақ құқығы талақ
қылуына қарай азаяды.
Осы неке қимай-ақ қайтуына болатын мәселеге
қатысты Құранда екі аят бар. Әуелгісі: ٍ
الطّلَقُ مَرّتَانِ فَإِمْسَاكٌ بِمَعْرُوفٍ أَوْ تَسْرِيحٌ بِإِحْسَان
«Талақ екі мәрте. Сонда не туралықты ұстау не-
месе жақсылықпен ажырасу керек»
514
.
514
«Бақара» сүресі, 229.