304
Отбасы ғылымхалы
етудің үш талаққа жататыны туралы басым көпшілік
ғалымдардың көзқарастарын берейік.
Бір жердегі үш талақ
Ханафи, Шафиғи, Ханбали, Мәлики мәзһабтары бір
сөзбен яки әр түрлі сөздермен бір жерде үш талақ етуді «үш
талаққа» жатқызған. Олардың дәлелдері төмендегіше:
Бірінші:
Құраннан дәлел.
«Талақ екі рет. Сонда
не туралықты ұстау немесе жақсылықпен ажырасу
керек»
510
. Бұл аятта екі талақтың жеке-жеке жасалуына
ишарат бар, бірақ бір мәртеде жасалуына тыйым салған
сөз жоқ.
Екінші:
Сүннеттен дәлел. Ибн Омардың хадисі.
Хазіреті Омардың ұлы Абдуллаһ әйелін хайыз кезінде бір
талақпен талақ етеді. Бұл хабарды Пайғамбарымыз естіген
шақта Абдуллаһтың әйеліне оралуына болатындығын һәм
бұдан кейін талақ еткісі келсе, хайыздан тазарған күндерде
жасауын айтады. Абдуллаһ «Егер әйелімді үш рет талақ
еткенімде оған қайта оралу мүмкіндігім болатын ба еді?»
деп сұрайды. Сонда Аллаһ елшісі
(аләйһис-саләту уәс-сәләм)
:
«Жоқ,
әйелің айқын талақпен талақ етілетін еді де сен күнәкар
болатын едің»-
деп, жауап береді. Бухаридің хадисіндегі
хабар былайша берілген. Абдуллаһ ибн Омардан осыған
ұқсас мәселе сұралғанда ол: «Әйеліңді үш рет талақ
еткеніңде басқа біреуге тұрмысқа шыққанша ол саған
харам болатын еді»- деп жауап береді
511
.
Басқа бір хадисте ер адам әйелін үш талақ айтып талақ
еткен кезде мұны Аллаһ елшісі есітіп қатты ашуланып
510
«Бақара» сүресі, 229.
511
Бухари, Талақ.