Previous Page  303 / 360 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 303 / 360 Next Page
Page Background

303

Талақ

бұл кісінің екінші, үшінші мәрте айтқан сөздері алғашқы

айтқан сөзін қуаттау, растау ниетімен айтатын болса онда

бір ғана талақ іске асады. Егер қайталау ниетімен айтқан

болса, онда үш талақ бірдей іске асады. Міне, Пайғамбар

және Әбу Бәкір кезінде айтылған осындай сөздер қуаттау,

растау мақсатымен айтылатын. Ол кезде адамдар тақуа,

салихалы, сенімді болатын. Кейіннен хазіреті Омар кезін-

де жағдай өзгеріп, бір сөзбен үш талақ ету елде кең жайы-

лып бара жатқан соң халифа Омар екінші, үшінші сөздерді

қуаттау емес, қайталау ниеті деп санайтын үкім шығарды.

Онсыз да Омардың аталмыш сөзі осыны көрсетеді.

Екінші:

Ибн Аббастың жеткізген бұл үкімі ерлі-

зайыптылардың неке қиылған соң бір-бірімен төсек

қатынасы болмай тұрған кезде ғана жарамды болады.

Басқа бір хабарда ибн Аббас Хақ пайғамбар және Әбу Бәкір

заманында ерлі-зайыптылар алғашқы төсек қатынасын

жасамай тұрып, ері әйелін үш рет талақ ететін болса, бұл

талағы бір мәртеге саналғанын айтады.

Үшінші:

Кейбір деректе былай деп те айтылған:

Хазіреті Омар осы мәселе туралы сахабалармен

ақылдасады. Ақырында бір уақытта үш рет талақ етудің

бір талаққа жатады деген үкім Аллаһ елшісінің кезінде

алынып тасталғаны білініп, халифа соған қарай пәтуа бе-

реді

509

.

Сондай-ақ, бұдан басқа да көптеген деректер айтылған.

Ендеше, осыларды саралап қарайтын болсақ бір уақытта

үш рет талақ етудің бір талаққа жатады деген айқын аят

жоқ. Дәлел ретінде айтылған хадистің де үкімінің басым

көпшілік ғалымдар жоғарыда айтылғандай анығын айтып

өткен. Оның үстіне келесі кезекте бір жерде үш талақ

509

Зуһайли, а.а.е. 7/409.