302
Отбасы ғылымхалы
Басқа бір хадисте Руқанәнің үш рет талақ етпегенін
айтып, ант ішкен соң Хақ пайғамбар оған әйеліне оралуға
рұқсат бергені де айтылады
506
.
Сондай-ақ, осы хадисті жеткізген ибн Аббастың
бір жерде жасалған үш талақтың «үш талақ» болып
саналатындығы жөніндегі пәтуасы туралы хабар да бар.
Бір адам ибн Аббасқа келіп «мен әйелімді жүз талақпен
талақ еттім. Енді не істейін?» деп сұрайды. Сонда ибн
Аббас: «әйелің сенен үш реттен кейін талақ болыпты.
Қалған тоқсан жеті талақпен Аллаһ Тағаланың аятын ке-
леке етіпсің» деп жауап береді
507
.
Һәм ибн Аббастың басқа бір жеткізген хабарында
былай айтылған «Аллаһ
(аләйһис-саләту уәс-сәләм),
Әбу Бәкір
кезеңін және Омардың халифалық шағының алғашқы екі
жылында бірден үш талақ айту бір мәрте болып санала-
тын. Кейіннен Омар: «Сөзсіз адамдар өздеріне берілген
осы мезгіл туралы мәселеде асығыстық танытты. Осыны
оларға жарамды деп тапсақ» деді де, осыны өздеріне заңды
деп есептеді»
508
. Яғни осы хабар бір сөзбен жасалған үш
талақтың бір саналғаны Пайғамбар және Әбу Бәкір зама-
ны және хазіреті Омардың алғашқы екі жылында жарам-
ды болғаны көрсетілген. Әрі хазіреті Омардың кейіннен
бір кезде үш талақты «үш талақ» болсын деп санауы сол
кездің саяси мәселесіне қатысты болғанын көрсетеді.
Әйтсе де ибн Аббастың осы хабарын көптеген
муштаһид ғалымдар былайша бағалаған.
Бірінші:
Бұл хабар – бір кісінің әйеліне бір жерде
үш рет «сен талақсың, сен талақсың, сен талақсың» де-
ген сөздерімен талақ етуіне қатысты мәселе. Өйткені
506
Қараңыз; Әбу Дәууд, Тирмизи және Ибн Мәжә.
507
Мәлик, Муатта, Талақ.
508
Муслим, Иман, Әбу Дәууд, Әдәб; Тирмизи, Бирр; Ханбәл.