301
Талақ
2. Азшылықтың көзқарасы
Зәйдия ағымы және ибн Тәймия мен Ибнул Қаюм
әл-Жәузия сияқты ғалымдар «бір сөзбен үш рет талақ
ету – бір талақ ету болып саналады» деген көзқарасты
ұстанады. Олар бұған мынадай дәлел келтіреді.
Бірінші:
Құранда «
Талақ екі мәрте... Егер ері үшінші
мәрте талақ ететін болса әйелі басқа біреуге тұрмысқа
шықпайынша адал болмайды»,
504
– дейді. Ендеше осыған
қарай талақ бөлек-бөлек айтылған да іске асуы керек.
Өйткені Аллаһ Тағала «талақ екі» деп айтпаған
«талақ
– екі мәрте»-
деп айтқан. Ендеше осы жағдай бір мәрте
үш талақ етудің дұрыс еместігін көрсетеді. Ері әйеліне:
«Сені үш талақпен талақ еттім» - дейтін болса бұл тек бір
талақ қана болып есептеледі. Өйткені ері талақ етудегі
үш мәрте құқығының біреуін ғана пайдаланып тұр. Ол
бір мезгілде талақ деп, қанша айтса да бір мәрте болып
саналып, қалған мүмкіндігі сақталады.
Екінші:
Сондай-ақ, осы ғалымдар сүннеттен де дәлел
келтіреді. Ибн Аббастың бізге жеткізген бір хадисінде
Руқанә ибн Абди Язид деген сахаба бір жерде әйелін бір
сөзбен үш рет талақ етеді де артынан осы айтқанына қатты
өкініп Пайғамбарға жеткізеді. Аллаһ елшісі
(аләйһис-саләту уәс-
сәләм)
оған қалай талақ еткенін сұраған кезде ол: «үш рет
талақ еттім» дейді. Хақ пайғамбар
«бір жерде ме?»
деп
сұрағанда «иә» деп жауап береді. Сонда Аллаһ елшісі
(аләйһис-саләту уәс-сәләм)
:
«Бұл бір ғана талақ болады. Сол се-
бепті қаласаң қайтадан әйеліңе оралуыңа болады» дейді.
Артынша Руқанә әйеліне қайта оралады
505
.
504
«Бақара» сүресі, 229-230.
505
Ханбәл, Муснәд, 1 том, 265; Асқалани, Фәтхул-бәри, 9, 346; әш-
Шәукәни.