312
Отбасы ғылымхалы
бұрынғы еріне қайта тұрмысқа шығуына мүмкіндік туа-
ды
517
.
«Байын» (айқын) саналған талақтар
Бірінші: Күйеуі әйелімен үйленген соң төсек
қатынасын жасамай тұрып қандай да бір себеппен сол
әйелін талақ ететін болса бұл талақ – «байын талаққа»
яғни «кіші ажырасуға» жатады. Ерлі-зайыптылар төсек
қатынасын жасамаған соң әйелінің «ғиддат» мерзімін күтіп
отыруының қажеті жоқ. Өйткені «ғиддат» мерзімі әйелінің
жүкті болуының анықталуы үшін жасалатын шара. Әрі
бұған Құранда дәлел бар:
«Ей, иман келтіргендер! Егер
әйелдеріңді некелеп алған соң оларға қосылмай тұрып
талақ ететін болсаңдар, онда оларға «ғиддат» мерзімі
қажет емес»
518
.
Мұндай кезде ері ажырасқан әйелімен «тағы да
құқым» бар деп әйеліне бір жақты өзінің еркімен қайта
қосыла алмайды. Сондықтан бұл «рижиғ» (қайта оралу)
түріне емес «байын» (айқын) талаққа жатады. Яғни қайта
қосылу үшін әйелдің де еркі қажет.
Екінші:
Әйелдің арнайы ақы беру арқылы жасалған
«байын» талақ. Құранда:
«Ей, мұсылмандар! Екеуінің
Аллаһтың шегін орындай алмаудан қауіптенсеңдер
онда әйелдің еріне бодау беруінде екеуіңе де күнә жоқ»,
519
– дейді.
Әйелдің ақы төлеу арқылы талақ етуінің мақсаты
әйелге некенің аяқталуына мүмкіндік беру және ерінің
өз қалауымен ғана қайтадан әйеліне қосылуына кедергі
жасау. Мұндай мақсат тек «байын» (айқын) талақ арқылы
517
Ибн Қудәмә, әл-Муғни, 8/470.
518
«Ахзаб» сүресі, 49.
519
«Бақара» сүресі, 229.