295
Талақ
қарамайды. Ендеше, мас адамның әйелін талақ етуі де дәл
осылай жарамды болмақ. Мастың бұл іс-әрекетінен жау-
апты болуы «қылмыс өзге қылмысты заңды ете алмайды»
ұстанымына сүйенеді. Мастық күнә саналғандықтан үзір
болып табылмайды.
Мас адамның күпір сөз айтуы оны діннен шығар-
майды
495
.
Екінші:
Мастың талақ етуін жарамсыз санағандардың
дәлелі. Хазіреті Оспан, Омар ибнАбдулазиз, Ханафилерден
Зүфәр, Тахауи және Кәрхия, сондай-ақ Имам Шафиғи
мен Ахмед ибн Ханбалдан жеткен кейбір деректеріне көз
салатын болсақ, мас адамның талағы жарамсыз болып
табылады. Олар былайша дәлел келтіреді. Мастық ақыл
мен ерікті жоқ қылады. Сондықтан бұл ақыл-есі жарым
адамға ұқсайды. Ақыл-есі кем, кішкентай баланың және
адал жолмен мас болған адамның талағының жарамсыз
болуының сыры олардың ақыл-есі толық орнында болма-
уынан туындайды. Ендеше, мастық да дәл осылай. Оның
үстіне мас адам күпір сөз айту арқылы діннен шықпайтын
болса оның талағы да жарамсыз болуы керек.
Басқа бір дәлел Майыздың оқиғасы. Майыз
Пайғамбарымызға келіп өзінің зина жасағанын айтып
мойындағанда Аллаһ елшісі сахабаларға қарап: Майыздың
мастығын тексеріңдер деп бұйрық береді. Егер ол сөзін
мастықпен айтқан болса онда ол жауапты болмай, сөзі жа-
рамсыз саналатын еді. Ендеше, осы хадис мастың жасаған
сөзі мен іс-әрекетіне жауапты еместігін көрсетеді
496
.
Османлы мемлекетінің де заңында осы көзқарасты негізге
алып: «Мастың талағы жарамсыз»,- деп жазылған.
495
Касани, сол жерде.
496
Касани, сол жерде.