Previous Page  290 / 360 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 290 / 360 Next Page
Page Background

290

Отбасы ғылымхалы

жүзеге асқаны)»,-деп айтқан.

477

Ата: «Кім ойнап неке қиса

немесе талақ қылса, ол есептеледі (шынайы жүзеге асады)»

және «талақ пен некеде қалжың жоқ (жүрмейді)»,-деген.

478

Әбу Дарда

(р.а.)

: «Үш нәрседе: некеде, талақта және құл

азат етуде қалжыңдаушы рас айтушы (есептеледі)»,-деп

айтқан.

479

Әбу Дәрдә

(р.а.)

: «Жаһилия заманында бір ер әйелін

талақ етіп, кейін «мен сені әзілдеп талақ еткен едім» дей-

тін. Сондай-ақ құлды азат етіп немесе бір әйелге үйленіп

кейіннен «мен мұны әзілдеп жасадым» дейтін. Осыған

орай аталмыш аят түсті»

480

дейді. Әбу Һурайра жеткіз-

ген мына хадисте де Аллаһ елшісі

(аләйһис-саләту уәс-сәләм)

:

«Үш нәрсе бар. Бұлардың шыны да шын, әзілі де шын.

Үйлену, талақ ету және (рижиғ) айну талақта әйеліне

оралу»

481

дейді. Абдуллаһ ибн Аббасқа бір адам келіп:

«Мен әйелімнен жүз талақпен ажырастым. Менің осы ісім

дұрыс па?» дейді. Сонда ол: «Әйелің үш талақтан кейін-ақ

сенімен ажырасқан. Тоқсан тоғыз талақ арқылы Аллаһтың

аяттарын мазақ етіпсің»

482

деп жауап береді.

Имам Мәлик бойынша ниетсіз әзілдеп айтқан адам-

ның талағы жарамсыз саналады. Талақта ниет қажет.

Ниетсіз сөз жеке өзі жеткілікті болмайды. Аятта:

«Егер

олар талақ етуге шешім қабылдаса...»

деп айтылады.

Бұл аяттағы «азамә» етістігі ниет ету, шешім қабылдау

мағынасына саяды. Сонымен қатар Аллаһ елшісі «амалдар

ниеттерге қарай» дейді. Бұл хадистегі ниет жалпыға тән

477

Әл-Мусаннаф Абдурраззақ, 4-том,133-бет, әл-Әсәр-10244

478

Әл-Мусаннаф Абдурраззақ, 4-том,133-бет, әл-Әсәр- 10243

479

Әл-Мусаннаф Абдурраззақ, 4-том,133-бет, әл-Әсәр-10245

480

Қуртиби, Ахкамул-Қуран, 3 том. 103 бет.

481

Әбу Дәууд, Талақ, 9; Тирмизи, Талақ, 9.

482

Мәлик, Муатта, Талақ. 1.