Previous Page  287 / 360 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 287 / 360 Next Page
Page Background

287

Талақ

Талақтың рүкіні мен шарттары: Рүкін – бір нәрсенің

негізін құрайтын бөлшек. Талақтың рүкіні әйелін талақ

етердегі айтылатын арнайы сөзі мен тәсілі. Яғни тікелей

«сені талақ еттім», «біз ажырастық» деп ашық білдіргені

секілді ауыспалы мағынамен «үйден кет», «бұдан былай

көзіме көрінуші болма» деген сөздер. Сондай-ақ, талақтың

шарты да бар. Шарт – негізгі бөлшектерден бөлек бірақ сол

негіздердің құралуына арқау болған бөлшектер. Мысалы,

намаз оқудан бұрын оның дәрет алу деген шарты бар.

Ендеше, талақтың да іске асуы үшін оған мынадай шарт-

тар қажет. Талақ ететін ердің ақыл-есі түзу және ояу бо-

луы. Талақ етілетін әйелдің сол ерге некесі қиылған әйелі

немесе «ғиддат» мерзіміндегі әйелі болуы шарт.

Талақтың шарттары

Талақ ант секілді. Оның рүкіні мен шарттары толық

болса дереу іске асады. Әрі оны кері қайтарып ала ал-

майды. Сондықтан ердің әйеліне қатысты үш талақ ету

құқықының әрбірі пайдалану арқылы азаяды. Үшіншіде

болса қайтадан үйлену үшін әйелдің біреуге тұрмысқа

шығып, онымен төсек қатынасын жасап, сонан соң ажы-

расса ғана қайтадан қосылуына мүмкіндік туады. Енді

осы туралы жеке-жеке тоқталып өтейік.

Талақ еткен адамда қажетті шарттар

Бірінші:

Талақ еткен адамның күйеуі немесе оның

талақ етуге өкілеттік берген адам болуы қажет. Одан өзге

ешкім әйелді талақ ете алмайды. Кейбір жағдайларда

қазының ажырасуға үкім беруі талақ бола алады.

Екінші:

Талақ еткен адамның ақыл-есі түзу, балиғатқа

жеткен болуы. Ақыл-есі жарым немесе жынданған

адамның, не болмаса балиғат жасына жетпеген баланың