286
Отбасы ғылымхалыَ
وَإِنْ عَزَمُوا الطّلَق
«Егер олар талақ етуге ниет етсе»
467
, ِ
الطّلَقُ مَرّتَان
«Талақ екі мәрте»
468
. Сондай-ақ он шақты аятта
«татлиқ» түбірінен шыққан сөздер берілген. Мысалы: ّ
يَا أَيّهَا النّبِيّ إِذَا طَلّقْتُمُ النِّسَاءَ فَطَلِّقُوهُنّ لِعِدّتِهِن
«Ей, пайғамбар! Әйелдерді талақ еткілерің келсе,
ғиддат ішінде талақ етіңдер»,
469
– дейді.
Ислам дінінде талақ ету үкімін ер кісіге берген. Аят
пен хадистерде берілген тәсіл осыны айғақтайды. Мұның
екі негізгі себебі бар. Біріншіден, егер талақ ету мүмкіндігі
әйелге берілетін болса, онда ажырасулар көбейіп кетер
еді. Өйткені әйел өте сезімтал жан. Ол кейде ашуланған,
не сабырсыздық немесе сол секілді әр түрлі жағдайларда
сезімге беріліп күйеуін талақ етуі мүмкін. Оның үстіне
талақ үш мәрте беріледі. Егер әйелге берілсе ол осы үш
мүмкіндігін бір сәтте орындап жіберуі ықтимал. Тіпті
күйеуі ауыр, өзі аса сезімтал болса күнде талақ етуі
мүмкін. Екіншіден, отбасының дүниелік жүгі ердің мой-
нына артылғандықтан, ол талақ мәселесінде аяғын аңдап
басуға мәжбүр. Ислам дінінде ері әйеліне неке кезінде не
болмаса одан кейін де талақ ету мүмкіндігін беруіне де
болады.
Исламнан бұрын арабтар әйелдерін қалаған кезде талақ
етіп, қалаған шақта қайта алатын. Отау құруды, шаңырақ
көтеруді ойыншыққа айналдырған осы әрекеттеріне Хақ дін
тыйым салып, үш талақпен шектеген.
«Талақ екі рет...»,
«егер ер әйелін үшінші мәрте талақ етсе, бұдан кейін
оған, ол басқа ерге тимейінше халал болмайды»
470
.
467
«Бақара» сүресі, 227.
468
«Бақара» сүресі, 229.
469
«Талақ» сүресі, 1.
470
«Бақара» сүресі, 229-230.