292
Отбасы ғылымхалы
«Ері әйелін (үшінші мәрте) талақ етсе, әйелі оған
басқа бір ермен үйленбейінше адал болмайды»,
484
– дей-
ді. Бұл аятқа қарайтын болсақ ерікті мен еріксіз талақтың
арасында ешқандай айырмашылық жасалмаған. Аллаһ
елшісі де:
«Кішкентай бала мен ақыл-есі жарымнан
басқа барлық талақ жарамды»,
485
– дейді. Осы хадисте
«мәжбүрленген адам» туралы сөз айтылмаған. Бұдан өзге
мына хадис те бар. Еріне ашуланған бір әйел ол ұйықтап
жатқан кезде көкірегіне отырып алып қанжарды тамағына
таяп: «Мені үш мәрте талақ ет, әйтпесе осы қанжармен
осып жіберемін» дейді. Осыдан кейін ері оны талақ
етіп сосын Аллаһ елшісіне барып үкімін сұрайды. Хақ
пайғамбар:
«Талақта ұйқыдағы түстің үкімі жоқ»
486
-
деп
жауап беріп талағының жарамды екенін айтады.
Басқа тұрғыдан да ханафилар зорлықпен талақ етуді
әзілмен айтқан адамның талақ етуімен салыстырған.
Әзілдеген адам талақтың сөзін айтып, үкімін меңземейді.
Ендеше зорлықпен айтқан адам да осы тәрізді. Өйткені
ол нәтижеге разы емес. Бұл жерде талақта ниеттің қажет
еместігін көрсетеді.
Әйелін бір не екі мәрте талақ еткен ерді әкесі әйеліне
оралуға зорлайтын болса бұл да жарамды болады.
Бірақ ханафилер зорлықпен жаздырылған талақтың
жарамсыз екендігін алға тартып, бұл тек сөз арқылы ғана
іске асады дейді.
Екінші:
Шафиғи, Мәлики және Ханбалилердің
көзқарастары бойынша зорлықпен жасалған талақ жа-
рамсыз болып табылады. Олар былайша дәлел айтады.
Құранда:
«Теріске шығаруға зорланып, амалсыз осы
484
«Бақара» сүресі, 230.
485
Касани, а.а.е., 3 том. 100.
486
Ибнул-Хуммам. а.а.е., 3 том. 39.