Previous Page  291 / 360 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 291 / 360 Next Page
Page Background

291

Талақ

айтылғандықтан талақ мәселесін де қамтиды. Иә, малики

мәзһабының көзқарасы.

Ал, ханафилер болса ниет адамның ішкі әлеміне

қатысты нәрсе. Ол амалдардың ақыреттегі жағдайын бел-

гілеуде негізгі рөл ойнайды. Сондықтан сыртқы көрініске

қарай үкім берілетін тақырыптарда ниетке қарамайды

деген пікір айтады. Яғни неке мәселесі дүниеауи мәселе

секілді. Неке – ерлі-зайыптылардың өз ара «ортақ өмір

сүрейік» деген келісім шарттары. Ал, дүниелік келісім

шарттарда ниетке қарамайды. Бір нәрсеге шынайы не

әзілдеп қол қоятын болсаңыз ол расталады. Сіз ертеңгі күні

сот алдында «ойнап қол қойып едім» деп бас тарта алмай-

сыз. Ендеше, неке де сол сияқты. Сондықтан үйленуде де

талақ етуде де рүкін мен шарттары болса ислами тұрғыдан

жарамды болады. Егер бір еркек қателісіп немесе тілі

жаңылысып айтатын болса, онда іске аспайды, өйткені

бұл жерде талақ мәселесі қозғалып тұрған жоқ

483

.

2. Зорлық талағы

Бұл тақырыпқа қатысты екі көзқарас бар.

Бірінші:

Әбу Ханифаның көзқарасы. Әбу Ханифа,

Нәхәи, Сәури және Омар ибн Абдилазиз тәрізді мүш-

тәһидтердің көзқарасына қарай біреудің қысымы мен

зорлығына шыдай алмай талақ жасаған адамның талағы

жарамды болып табылады. Өйткені зорлық негізінде ерікті

жоққа шығармайды. Қорыққан адам екі жаман іс-әрекеттің

бірін еркімен таңдайды. Бұл жерде оның ризалығының

болмауы нәтижені өзгертпейді. Оның таңдауы жеткілікті.

Ғалымдар мынадай дәлелдерді алға тартады. Құранда:

فَإِنْ طَلّقَهَا فَلَ تَحِلّ لَهُ مِنْ بَعْدُ حَتّى تَنْكِحَ زَوْجًا غَيْرَهُ فَإِنْ طَلّقَهَا

483

Зуһайли, а.а.е. 7/369.