288
Отбасы ғылымхалы
талақ етуі жарамсыз саналады. Аллаһ елшісінің
(аләйһис-саләту
уәс-сәләм)
кішкентай бала және ақыл-есі жарым адамның
талақ етуі жарамсыздығын білдірген
471
.
Талақ етілетін әйелде болуы тиіс қажетті
шарттар
Бірінші:
Исламда талақ ету билігі ер кісіге беріл-
ген, бірақ неке қиылар кезінде немесе үйленген кезде
ер әйеліне талақ билігін беруіне болады. Ер кісі біреуге
әйелін талақ етуге өкілдік бере алады. Бірақ еркектің осы
өкілдігін қайтып алуына құқы бар. Алайда, әйеліне бер-
ген талақ құқықын қайта ала алмайды
472
. Сондай-ақ, әйел
кейбір себептермен қазыға барып некені бұздыра алады.
Екінші:
Талақ етілетін әйелдің шарттары. Талақ
әйелге қатысты болғандықтан дұрыс (сахих) некенің бо-
луы яки әйелдің бір немесе екі талақтан соң «ғиддат» күту
мерзімінде болуы қажет. «Ғиддат» күтіп отырған әйелдің
әлі некесі бұзылмағандықтан, оны үшінші мәрте талақ
етуге құқы бар. Бұл – ханафилардың көзқарасы.
Талақ етуде ерекше жағдайлар
1. Әзіл талағы
Талақ етуде сөз де, сөздің мағынасы да аса маңызды
болып есептеледі. Сондықтан сөз, жазу немесе ишаратсыз
талақ етуді жүрекпен, іштен айтып ниет етуі жарамсыз са-
налады. Басым көпшілік мүштәһидтерге қарай талақ етудің,
талақтың мәнін білдіретін сөздер арқылы жасауы қажет.
Сол себепті ері әйелін жүрегімен талақ етуді ниет етсе осы
ниетін тілі немесе жазу арқылы білдірмейінше, талақ іске
471
Касани, а.а.е., 3 том, 100. Ибнул Хуммам.
472
Касани, а.а.е., 3 том, 113.