Previous Page  276 / 360 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 276 / 360 Next Page
Page Background

276

Отбасы ғылымхалы

жігіттің өз алдына отау құруы оңай шаруа емес. Ібіліс

екі жұптың арасын айырған әзәзіл шәкіртіне ең жоғары

баға беруі тегін емес. Бір отбасы шағын мемлекет. Осы

отбасылардан ел құралады. Ендеше бір қоғамда бір

шаңырақтың шайқалуы қоғамның бүлінуіне жол ашады.

Сондықтан ел арасында бүгін отау құрап, күн өтпей ажы-

расып жүргендер Ібілістің ісін жеңілдетуге ат салысқан

жандар. Аллаһ Тағала ерлі-зайыптылардың ажырасуы-

на әсте жақсы қарамайды. Сол себепті оларға осындай

кезеңдерден өту жолдарын қойған. Ал енді «некелесу

де халал, талақ ету де халал» деп осы кезеңнің бәрін ат-

тап өтіп айына бір, жылына екі рет ажырасып, үйленіп

жүргендер шариғатпен ойнаған деуге әбден болады.

Бір жігіт серт беріп отау тіккен соң сол шаңырақты

шайқалтпау – оның мәрттігі мен беріктігінің, арының

белгісі. Бақандай берік болып, сол шаңырақты ақырғы

сәтке дейін ұстап тұру керек. Аллаһ Тағала бостан-босқа

әйелге басшы етіп, үй ішінің отағасысы еткен жоқ. Ер жігіт

үйленген соң шекара күзетіндегі сақшыдай өз отбасына

әзәзілдердің кіріп кетуіне жол бермеуі қажет. Атам қазақ

«қыз кезінде бәрі жақсы, жаман әйел қайдан шығады?!», –

дейді. Ендеше еріне бас көтеріп, өз бетімен кеткен әйелдің

тегі дұрыс болса, оны жөнге салуға болады.

Мінекей сол себепті күн ертең әйелі жесір, баласы не

әкесіз не шешесіз жетім өспеуі үшін ақырғы шараны пай-

даланып, әйеліне із қалдырмай ұрып жөнге шақырады. Бұл

ұру – шаңырақтың шайқалуының дабылы. Әйелге «есіңді

жи, өзіңе кел, күн ертең бармағыңды шайнап, өзіңнен

жиіреніп жүрме» дегеннің белгісі. Болмаса Ислам дінінде

адам ұру қағидасы жоқ. Пайғамбарымыз

(аләйһис-саләту уәс-

сәләм)

хадистерінде:

«Аллаһтың құлдарын ұрмаңдар»

455

,

455

Әбу Дәууд, Никах; Ибн Мәжә, Никах; Дарими, Никах.