Previous Page  271 / 360 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 271 / 360 Next Page
Page Background

271

Ерлі-зайыптылардың бір-біріне деген құқылары

ердің кейінгі әйелінен туған бала екі әйелге де ортақ бала

болып қалмақ. Бұдан басқа да хикметтер бар.

Тақуаның әңгімесі...

Хазіреті Фатима мен хазіреті Әлидің алғашқы кездерінде

кейбір аздаған келеңсіз жайттар болмаса одан кейінгі өмірлері

бір-бірлеріне ыстық ықыласпен, терең сүйіпеншілікпен өтті.

Хазіреті Әли әрқашан Пайғамбарымыздың жанында болып

оған көмекші болғандықтан үйдегі жоқшылыққа хазіреті

Фатима сабырлық танытып, үй істерін жалғыз өзі атқара

білді. Бір ауыз да хазіреті Әлиге «неге отбасыңа нәпақа

іздемейсің?» деп қарсы келген емес. Өйткені оның Ислам

жолында көп істер атқарып жүргенін жақсы білетін.

Ол – Ақырғы пайғамбардың ең жақсы көретін қызы еді.

Сол себепті Аллаһ елшісі:

«Фатима – менің бір бөлігім.

Оны қуандырған мені қуандырар, оны ренжіткен мені

ренжітер»,

442

деген болатын. Сөйте тұра Фатиманың үй

шаруашылығына жәрдемдесер ешкімі жоқ болатын. Су та­

судан, диірмен тартудан қолдары күс болып, иықтары да жа­

ра-жара болатын. Хазіреті Әли мұны көріп, қатты қиналып,

бірақ қолынан еш нәрсе келмей жүретін. Бұл ауыртпалық

ұзақ уақыт бойы жалғасты.

Негізінде, оның мінезі әкесінің мінезіне қатты ұқсайтын.

Өз ісін өзі істеуі де әкесіне тартқандығы еді. Жүріс-тұрысына

дейін әкесінен айнымайтын

443

.

Ердің құқы мен жауапкершілігі

Әйелдің үйінде отыруы, үй ішінің жұмыстарын жаса-

уы, баласын тәрбиелеуі еріне бағынуы көмектесуге жата-

ды. Әйел себепсіз ерінің төсекке шақыруын қабылдамай

қарсы бола алмайды.

442

Бухари, Фәда’илу’л-Асхаб, 12,16; Муслим, Фәда’илу’с-Сахабә, 93-

94.

443

Бухари, Менақиб, 25; Муслим, Фәда’илу’с-Сахабә, 98-99.