277
Ерлі-зайыптылардың бір-біріне деген құқылары
«Мұсылмандарды ұрмаңдар»
456
,
«Әйелдерді сабаушы
болмаңдар»,
457
– дейді. Хазіреті Айша анамыз да:
«Аллаһ
елшісі
(аләйһис-саләту уәс-сәләм)
өз отбасында ешбір әйелін де
ешбір қызметшісін де ұрған емес»,
458
– дейді. Ендеше,
бұл сүннетке жатады. Тіпті бір хадисінде Аллаһ елшісі
әйелін ұрудың қаншалықты жиіркеншті қылық екенін
айтып:
«Араларыңда біреу әйелін құл сияқты сабап, сосын
қас қарайып түн болғанда, онымен төсек қатынасын
жасаушы болмасын»,
– деп қатаң айтқан
459
.
Оның үстіне Исламда кейбір қылмыс жасағандарға
дүре соғу жазалары берілген. Мысалы бойдақ адам зина
жасайтын болса, оған жүз дүре, ар-намысын сақтаған
әйелге зина жасады деп жала жапқанға – сексен дүре, арақ-
шарап ішкен адамға – сексен дүре соғылады. Бұл дүрелер
уахи мен сүннет бойынша денеде жара, із қалмайтын етіп
теріге ғана әсер ететіндей дәрежеде соғылады. Мұндай
жазалар Аллаһ елшісі кезінде де, төрт халифа кезінде де
іске асқан. Ендеше, отау иесі, әйелдің басшысы, «кіші
ел» саналған отбасының сақшысы ер кісі болғандықтан
әйелін түзеу үшін денесіне жарақат түспестей етіп ұру
осындай жаза түрі болуы да мүмкін. Һәм бұл кейде ата-
ана өз бетімен бұзық болып, тым еркелеп шектен шыққан
жас баласын тәрбиелеу мақсатымен ұрғанға да ұқсайды.
Басына ұруға тыйым салынады.
Сондай-ақ әйелін ұру өзге діндерде де кездеседі.
Мысалы көне шіркеу құқықтарында арнайы бір себеп-
пен әйелін жеңіл-желпі ұруға болатындығына рұқсат ет-
кен. Он екінші, он үшінші ғасырларда Францияда күйеуі
456
Ханбәл, 1 том. 404.
457
Әбу Дәууд, Никах.
458
Муслим, Фәдәил.
459
Бухари, Никах, 93. Муслим. Жәннат.