272
Отбасы ғылымхалы
Әйелдің еріне бағынуы керектігіне мына аят дәлел:
«Ерлердің әйелдерге хақтары сияқты, әйелдердің де
ерлерде белгілі хақтары бар»
444
. Аллаһ елшісі
(аләйһис-саләту
уәс-сәләм)
бір хадисінде:
«Егер біреудің біреуге сәжде етуін
қалағанымда әйелдің еріне сәжде етуін әмір етер едім»,
445
– дейді. Басқа бір хадисінде болса:
«Бір әйелдің ері разы
күйінде қайтыс болатын болса, ол жаннатқа кіреді»
446
дейді.
«Ері әйелін төсекке шақырғанда келмей ері оған
ашуланып таңды атырса, періштелер таңға дейін әлгі
әйелге лағнет жаудырады»,
447
– дейді.
Әйел ерінен рұқсат алып сыртқа шығуы тиіс. Әйтсе
де ерлі-зайыптылар бір-біріне сенімді болып, түсінісе
білетін болса ері оған ерік бере алады. Задында әйелдің
үйде отыруы қамауға алынды деген сөз емес. Әйел үшін үй
ең қайырлы орын. Үйі оның мешіті, бақыт ұясы. Хадисте:
«Әйел орануы қажет болмыс. Үйден шығысымен шайтан
оған көз тастайды. Әйел үшін Хақ Тағаланың рақымына
ең жақын жер үйінің іші»
дейді
448
.
Сондай-ақ, әйел нәпіл ораза ұстайтын болса ерінен
рұқсат сұрауы керек. Аллаһ елшісі
(аләйһис-саләту уәс-сәләм)
:
«Әйел үшін ерінің жанында болғанда рұқсатсыз нәпіл
ораза ұстауы және үйіне күйеуінің рұқсатын алмай бөгде
біреудің үйіне кіруіне рұқсат беруі жөн емес»
449
дейді.
Әйел өз абыройын қорғағанындай ері үйде жоқ кезінде
оның абыройын, үйін, малы мен бала-шағасын да қорғауы
қажет. Бір хадисте:
«Әрбірің шопандай жауапкерсіңдер.
Баршаң да қарамағыңа жауаптысыңдар. Ел басшысы
444
«Бақара» сүресі, 228.
445
Әбу Дәууд, Никах, 40; Ханбәл, 4 том. 381 бет.
446
Ибн Мәжә, Никах, 4; Тирмизи.
447
Бухари, Бәдул-халқ, 7.
448
Тирмизи, Рада.
449
Бухари, Никах.