267
Ерлі-зайыптылардың бір-біріне деген құқылары
Күйеуі әйеліне өзінің рұқсатынсыз үйден шығуына
тыйым сала алады. Бірақ әйелі мынадай жағдайда
рұқсатсыз шыға алады.
1. Әйел жанында жақын туысы бар болса қажылыққа
бара алады. Бұл жерде ерінің рұқсаты қажет емес.
Өйткені ердің құқығы «айн» (өтелуі тиіс) парыздың
алдында қауқарсыз.
2. Әйел өзгелердегі алашақтарын сыртқа шығып
алуына болады.
3. Ері діни мәселелерді үйретпесе, әйелі рұқсатсыз
шығып анда-санда ілім алуына болады.
4. Ері әйелін ең азы аптасына бір рет ата-анасының,
жылында бір рет бауырларының, әпкелері сияқты
жақын туыстарының амандығын сұрап қайтуына
кедергі жасай алмайды.
Бірақ әйел ерінен рұқсатсыз түнде басқа жерде қона
алмайды. Туыстарымен көрісуге кедергі жасау туыстық
қатынастың үзілуіне сеп болады. Ислам дінінде «туыстық
қатынас» маңызды парыздардың бірі. Оны орындамаған
да, орындауға кедергі жасаған да, үлкен күнәға батады.
Сондай-ақ әйелдің ата-анасы ауыр науқастанып оларға
қарайтын ешкім болмаса әйелі күйеуі рұқсат бермесе де,
әкесінің үйіне барып олардың күтімін жасай алады. Бірақ
мұндай жағдайда күйеуі әйеліне нәпақа беруге жауапты
болмайды.
Сондай-ақ, ері әйелінің ата-анасына барып аптасына
бір рет қонуға және бұрынғы ерінен қалған баласына ба-
рып тұруға кедергі жасай алмайды
431
.
Иә, бұлар құқық мәселесі. Ал ерлі-зайыптылар бір-
бірімен түсінісіп, ата-аналары мен туыстарын өз ата-ана,
431
әл-Фәтәуәл-Хиндия. 1 том. 556 бет.