Previous Page  265 / 360 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 265 / 360 Next Page
Page Background

265

Ерлі-зайыптылардың бір-біріне деген құқылары

«Раббың тек қана Өзіне құлшылық жасауды және

ата-анаға жақсылық жасауды әмір етті»

428

дейді.

Бір хадисте былайша айтылады: «Аллаһ елшісіне

(аләйһис-саләту уәс-сәләм)

әкесімен бірге бір адам келіп: «Уа,

Аллаһтың елшісі! Менің өзіме тиесілі малым бар. Сонымен

қатар малы бар әкем де бар. Сөйте тұра әкем менің ма-

лымды алғысы келеді», - дейді. Аллаһ елшісі сонда:

«Сен

де малың да әкеңдікі» деп жауап береді»

429

.

Ата-ананың баласынан нәпақа алуының шарттары

мынадай: Бұлардың кедей болулары тиіс. Нәпақа беретін

баласының немесе немересінің осыны беруге шамасы же-

туі тиіс. Бұл оның бай болуы, не жұмыс істеуге шамасы

болуы арқылы іске асады.

Жақын туыстарына нәпақа беруінің

шарттары

Бірінші:

Туысының кедей болуы керек. Немесе оның

мал-мүлкі болмауы, не жұмыс істеуге шамасы болмауы

керек. Яғни туысының кішкентай бала, кәрілік, не ақыл-есі

жарым сияқты себептері болуы керек. Әйтсе де ата-анасы

бұл қағидадан бөлек. Өйткені олар денсаулығы мықты

болып жұмыс істеуге шамалары жетсе де, оларға нәпақа

қолдауы жасалады. Ендеше ата-ана және әйелінен басқа

туыстары бай болса не болмаса жұмыс істеуге шамалары

жететін болса оларға нәпақа беру қажет емес.

Екінші:

Нәпақа беретін адамның бай немесе жұмыс

істеп табыс табу тұрғысынан кедей туысының күн көрісін

қамтамасыз ететіндей жағдайда болуы тиіс. Бірақ ата-ана,

428

«Исра» сүресі, 23.

429

Ханбәл, 2 том. 179.