Previous Page  268 / 360 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 268 / 360 Next Page
Page Background

268

Отбасы ғылымхалы

туыстарындай көріп қол ұшын беретін болса онда бұл

кәміл иманның айқын көрінісі болмақ.

Ислам діні ерлі-зайыптыларды бір-бірімен түсінісіп,

бақытты өмір сүруіне шақырады.

Құранда Аллаһ Тағала

: «Ерлердің әйелдердегі

хақтары сияқты, әйелдердің де ерлерде белгілі хақтары

бар. Әйелдерге қарағанда ерлердің дәрежесі артық»,

432

– дейді.

Пайғамбарымыз да көптеген хадистерінде әйеліне

жақсылап қараған ер «ізгі адам» деп бағалаған. Атап

айтқанда:

«Сендердің әйелдеріңе қатысты ақыларың,

әйелдеріңнің де сендерге қатысты ақылары бар.

Сендердің әйелдеріңе қатысты ақыларың – төсегіңді

өзгеден сақтауы және сендердің ұнатпаған адамдарыңа

үйлеріңе кіруге рұқсат бермеуі. Сақ болыңдар! Олардың

сендерге қатысты ақылары – нәпақа тауып, жақсылап

қарауларың»

433

. Басқа бір хадисте:

«Сендердің ең

жақсыларың – отбасына жақсы қарағандарың. Мен де

отбасыма жақсы қарағандардың ең ізгісімін»,

434

– дей-

ді.

Ерлі-зайыптылардың бір-бірімен төсек қатынас

жасауға құқылары бар. Аллаһ Тағала Құранда:

«Әйелдерің

хайыздан тазарғанда Аллаһтың сендерге әмір еткен

жерінен оларға жақындаңдар»,

435

– дейді. Егер қыз бен

жігіт үйленіп жігіт жақындауға қауқары болмаса, көп

ұзамай әйелде некені жарамсыз ету құқы туады.

Ханбалилар бойынша, ері әйелімен аз дегенде төрт

айда бір рет жақындауы керек. Халифа Омар да майданда

432

«Бақара» сүресі, 228.

433

Муслим, Хаж. 147.

434

Ибн Мәжә, Никах.

435

«Бақара» сүресі, 226-227.