270
Отбасы ғылымхалы
көптеген ғалымдардың көзқарасына қарай, ердің әйелдері
арасында түнеу үлесінде де әділдік жасауы уәжіп. Бұл
жерде бір әйелі кәрі, бір жас немесе бірі мұсылман енді
бірі христиан болуы есеп емес. Хазіреті Айша:
«Аллаһ
елшісі
(аләйһис-саләту уәс-сәләм)
әйелдері арасында күндерді бөліп,
әр әйелі үшін арнайы бір күн бір түн белгіледі»,
439
– дей-
ді.
Пайғамбарымыз бір хадисінде:
«Екі әйелі бар ер адам
біреуіне бет бұрып, екіншісіне немқұрайлы қараса, қиямет
күнінде бір жағы қисайып тұрады»,
440
– дейді.
Сондықтан Құран төрт әйел алуға есік ашқанымен
жүгі ауыр болғандықтан жалғыз әйел алуға ынталанды-
рып:
«Әділетсіздік жасаудан қорықсаңдар біреуін ғана
алыңдар»,
441
– дейді.
Ислам дінінде көп әйел алу – парыз, уәжіп, не сүннет
түрінен емес, берілген рұқсат қана.
Әсіресе кейде бір елде соғыстан соң көптеген әйелдер
жесір, қыздар жетім қалуы мүмкін. Яки қоғамда халық
саны азайып кетуі де мүмкін. Мінекей осындай жағдайда
көп әйел алудың демографияға қосар үлесі мол. Сондай-ақ
кейде бір ердің әйелі жазылмас дертке шалдығуы мүмкін.
Егер бір әйел ғана болуы керек деп шектелетін болсақ ері
зинаның құрығына шалынуы ықтимал. Егер ажырасатын
болса, әйелдің тағдыры қиынға соғады. Һәм кейде бір-
біріне ынтызар болған екі ғашық қосылғанда әйелі бедеу
болуы мүмкін. Ал ерінің бала сүйіп, ұрпағым болса деп
армандайды. Міне осындай жағдайда ер кісі екінші әйел
алатын болса кейінгі әйелі науқас әйеліне қамқор болса,
439
Бухари, Һибә, 15.
440
Әбу Дәууд, Никах, 38.
441
«Ниса» сүресі, 3.