Previous Page  260 / 360 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 260 / 360 Next Page
Page Background

260

Отбасы ғылымхалы

ақ бір малды көтере алмайтын іске салуға да болмай-

ды

421

.

Енді отбасы мен жақын туыстары туралы кеңірек ке-

зекпен айтып өтейік.

Әйелінің нәпақасы

Әйел тұрмысқа шыққан күннен бастап оның бүкіл

ас-суы, киім-кешегі, тұратын үйі, үйдің шығыны барлығы

үйдің отағасының мойнында. Ол ысырапқа да, сараңдыққа

да бармай әйелін қоғам деңгейіне қарай қамтамасыз етеді.

Ерлі-зайыптылардың екеуі де бай-дәулетті болатын бол-

са, соған қарай шығын жасалады. Екеуі де кедей болса,

байлар деңгейіне талпынбайды. Біреуі бай, біреуі ке-

дей болса орта жол табуы тиіс. Бірақ кейбір ғалымдар

нәпақаның өлшемі ерінің жағдайына қарай жасалады деп

пікір айтқан.

Құранда:

«Аналардың нәпақасы шамасыжеткенше

баланың әкесіне қатысты»

422

дейді.

Басқа бір сүреде:

«Ауқатты бай кісі өзіне Аллаһтың бергені қарай нәпақа

берсін. Ризығы азайтылған адам да нәпақаны Аллаһтың

бергеніне қарай берсін. Аллаһ ешкімге оған бергенінен

артық салмақ салмайды. Аллаһ ауыршылықтан кейін

жеңілдік береді»,

423

– дейді.

Күйеуі әйеліне көршілерінікіндей жақсы үй әзірлеуге

де мәжбүр. Бұл жерде әйелі ар-намысына, малына сенімді

болуы тиіс. Аятта:

421

Касани, а.а.е. 4 том. 40.

422

«Бақара» сүресі, 233.

423

«Талақ» сүресі, 7.