256
Отбасы ғылымхалы
Ал жігіттің қызға мәһір ретінде Құранды, хадисті
немесе дінді үйретуі мәһір саналуы ғұламалар арасын-
да әр түрлі көзқарас болса да, Бухари мен Муслимде
Пайғамбарымыздың бір сахабаны бір әйелге Құран үйрету
мәһірімен үйлендіргені айтылады
412
.
Мәһірдің ең жоғарғы өлшеміне келер болсақ, Ислам
оған ешқандай шек қоймаған. Жігіт қызға ат басындай
алтын, түйе салмағындай күміс беремін десе де өз еркінде.
Құранда:
وَآتَيْتُمْ إِحْدَاهُنّ قِنْطَارًا فَلَ تَأْخُذُوا مِنْهُ شَيْئًا
«Олардың біріне жүктеп мәһір берген болсаңдар да
еш нәрсе алушы болмаңдар»,
413
– дейді.
Хазіреті Омар халифа болып тұрғанда үйленетін жігіт-
терге ауыр болмас үшін мәһірдің мөлшерін белгілі бір
өлшеммен шектемек болады. Пайғамбарымыздың қыздары
мен әйелдері үшін ең көп 480 дирхам күміс ақша мәһір
болғанын есепке алып сол мәһірді 400 дирхаммен шек-
тегісі келеді. Сол кезде бес дирхам шамамен бір қойдың
құнындай еді. Халифа Омар мінберге шығып осы үкімін
айтып мінберден түскенде құрайыштық бір әйел келіп осы
аятты оқып, шектеуге болмайтындығын айтады. Осыдан
кейін хазіреті Омар мінберге қайта шығып: «Сендерге
әйелдерің үшін 400 дирхамнан артық мәһір беруге тыйым
салған едім. Бұдан былай адам қалағанынша мәһір бере
берсін»,
414
– дейді.
Мәһірдің ең азына келсек, Әбу Ханифа бойынша,
он дирхам күміс немесе соның құны. Яғни екі қойдың
құнындай.
Мәһірді неке кезінде қанша беретінін анықтап келісу-
ге болады. Бұған «аталған мәһір» деп айтылады. Не бол-
412
Қараңыз: Бухари, Никах, 14, 35; Муслим, Никах, 76.
413
«Ниса» сүресі, 20.
414
Мәжмәуз-Зәуәид, 4 том, 283 бет.