250
Отбасы ғылымхалы
некесіне де ұқсайды. Өйткені «мұта» некесі куәларсыз
өз-ара уақытша тұруға келіседі.
«Азаматтық неке» Ислам діні бойынша, жалған неке,
тіпті некесіздікке жатады. Сондықтан оны «азаматтық
неке» деп емес, «азаматтық зина» деуге толық негіз бар.
Өйткені бұл жағдайда да неке қиылмайды. Исламда зина
ең үлкен күнәлардың бірі. Міне «азаматтық некеде» осы
үлкен күнәні өз ара «болашаққа жар болуға әзірлік» деген
атпен заңдастырып өздерінше «адал етіп» алады. Бірақ
ол адал бола салмайды. Азаматтық некенің зияндарының
кейбірін айта кетуге болады:
Бірінші:
Ислам дінінде бір мәрте зина жасау кісі
өлтіру тәрізді ең үлкен күнәлардың бірі. Құранда:
وَلَ تَقْرَبُوا الزِّنَا إِنّهُ كَانَ فَاحِشَةً وَسَاءَ سَبِيل
«Зинағажақындамаңдар. Өйткені ол өтежаман бір
іске апаратын жолдың бірі»,
408
– дейді. Ендеше заңсыз
қосылған қыз бен жігіт өз ара ажырасқанға дейін зина
жасайды. Мұншалықты күнә күн ертең қабір әлемінде де,
мақшар әлемінде де жасаған қыз бен жігітті адам айтқысыз
азапқа душар етеді.
Екінші:
Егер қыз құрсақ көтеріп, дүниеге бала
әкелетін болса, ондай бала ерлі-зайыптылардың емес,
зинақор қыздың баласы болып әкесіз дүниеге келеді. Бірақ
бұл жерде егер қыз бала көтергенде болашақ баланың
жағдайын ойлап қыз бен жігіт некесін қиып, арада алты ай
өтетін болса бала әкесіне тиесілі болады. Сондай-ақ неке-
ден соң алты айдан ерте босанса бірақ жігіт баланың өзінікі
екенін мойындайтын болса ата-тегі осы растау арқылы
айқындалады. Бұл жерде Ислам діні баланың жағдайын
408
«Исра» сүресі, 32.