Previous Page  245 / 360 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 245 / 360 Next Page
Page Background

245

Неке бөлімі

кері іс-әрекет жасатуы ең үлкен күнә және неке қиғандағы

берген сертін бұзған болып саналады

400

.

Оныншы:

Ерге әйелін басқаруда кеңшілік берілсе

де оған жақсылап қарап, адамша қарым-қатынас жасауға

тиіс. Құранда:

وَعَاشِرُوهُنّ بِالْمَعْرُوفِ فَإِنْ كَرِهْتُمُوهُنّ فَعَسَى أَنْ تَكْرَهُوا شَيْئًا

وَيَجْعَلَ اللُّ فِيهِ خَيْرًا كَثِيرًا

«Олармен тіл табысыңдар. Егер оларды жек

көрсеңдер, сендердің жақтырмаған нәрселеріңде Аллаһ

көптеген хайыр жасаған»,

401

– дейді.

2. Бұрыс (фасид) неке

Жүзеге асу шарттары толық болумен қатар дұрыстық

шарттарында кемістігі бар некені «Бұрыс (фасид) неке»

деп атайды. Атап айтқанда:

Бірінші:

Куәларсыз қиылған неке бұрыс болып та-

былады.

Екінші:

Әйелінің қыз бауырын, немере әпке, нағашы

әпкесін әйелінің үстіне алуҚұранда тыйымсалынғандықтан

жарамсыз болып саналады. Егер әйелінің үстіне осылардың

бірін алса соңғы алғаны бұрыс болады.

Үшінші:

Тұрмыстағы әйелмен оның тұрмыста екенін

білмей үйлену жарамсыз. Өйткені тұрмыс құрған бір

әйел ажырасып немесе ері өліп «ғиддат» күту мерзімін

аяқтағанға дейін тұрмысқа шығуына болмайды. Мысалы,

ері ұзақ уақыт бойы жоғалып кейіннен оның өлгенінен

хабар алған әйел немесе өзін талақ еткенін естіген соң

бөгде бір ерге тұрмысқа шықса бірақ кейіннен бұрынғы

400

Зуһайли, а.а.е. 7/100. әл-Ихтияр. 2/140.

401

«Ниса» сүресі, 19.