244
Отбасы ғылымхалы
салмайды. Аллаһ ауыртпалықтан кейін жеңілдік
береді»,
399
–дейді.
Бесінші:
Ерлі-зайыптылардың бір-бірлерінің ата-
тегі мен үрім-бұтағы арасында «сихри» қайын жұрттық
туыстық пайда болады. Осыған қарай бір әйелмен үйленген
ер бұдан кейін сол әйелінің анасы, яки әжесі, не болмаса
қызы немесе немересімен үйлене алмайды. Бұл тыйым
әйелі өлсе де, талақ етсе де жалғасын таба береді.
Алтыншы:
Туған балалардың әке жағынан нәсілі
айқындалады.
Жетінші:
Ерлі-зайыптылар арасында мирас үкімі
жүреді. Әйел ерінің жары болып тұрғанда яки «айну»
талақпен ажырасып «ғиддат» күту мерзімі кезінде, не бол-
маса күйеуі хал үстінде жатып әйелімен «айқын» талақпен
ажырасып, сонда әйелі «ғиддат» күту мерзімі кезінде әлгі
күйеуі көз жұматын болса, әйелі оның дүниесіне мирасқор
болып қалады.
Сегізінші:
Егер көп әйелі болса араларында әділдікті
қатаң сақтауы тиіс. Бұл түнеу, нәпақа, киім және үй
тұрғысында тепе-теңдікті қажет етеді.
Тоғызыншы:
Қолма-қол мәһірін алған әйел ерінің
заңды бұйрықтарына бағынуы тиіс. Ері әйеліне әдептілікке
теріс, яки өзіне тиіс ислами құқығын аяқ асты ететін
бұйрық беретін болса әйелдің оған бағынуы қажет емес.
Мысалы, хайыз яки нифас күндерде күйеуі төсек қатынас
жасағысы келсе, орамал, яки намаз, ораза, зекет тәрізді
парыздарды тастауын бұйыратын болса, әйелі күйеуіне
бағынбай парыздарын орындай береді. Өйткені әйел
күйеуіне Аллаһтың әмірімен бағынады. Ал күйеуі осы-
ны заңсыз жолға пайдаланып, жарына Аллаһтың әміріне
399
«Талақ» сүресі, 7.