Previous Page  243 / 360 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 243 / 360 Next Page
Page Background

243

Неке бөлімі

жарты динар алтын ақшаны садақа етіп берсін»,

396

дейді.

Ерлі-зайыптылар бір-бірлеріне жалаңаш қарап, ұстай

алады. Бірақ әдептілік тұрғысынан бір-бірлерінің жыныс

мүшелеріне қарамағаны азбал. Хазіреті Айша: «Мен Аллаһ

елшісінің

(аләйһис-саләту уәс-сәләм)

ұятты жерлерін ешқашан

көрген емеспін. Ол да менікін көрген емес»,

397

– дейді.

Екінші:

Үйлену арқылы әйел арнайы белгіленген

мәһірге құқылы болады. Неке қиылған кезде мәһір туралы

сөз қозғалмаса кейіннен әйел өз қатарларының өлшеміне

тең мәһір алуға құқылы болады.

Үшінші:

Әйел ерінің үйінде қалуы тиіс. Қолма-қол

мәһірін алған әйел ерінің әзірлеген Ислам дінінің жөн

көрген ерекшеліктерін сай үйде отыруы қажет. Ерінің

әзірлеген үйі тұруға лайық болуы керек. Әйел ерінің

туыстарымен бірге тұруды мақұлдап, үй-ішінде қызмет

жасайтын болса, бұл оның мінезінің әсемдігінің белгісі.

Төртінші:

Әйел нәпақа құқығына ие болады. Бұған

киім, азық-түлік және үй-ішінің қажеттіліктері жатады.

Егер әйел ерінің рұқсатын алмай сыртқа шығатын бол-

са, нәпақа құқынан айырылады. Нәпақа ерге қатысты

екендігі Құранда:

«Ананың тиісті нәпақасы баланың

әкесіне міндет»

398

дейді. Басқа аятта:

«Кеңшілік бай кісі

өзіне Аллаһтың бергені бойынша нәпақа берсін. Ризығы

азайтылған адам да нәпақаны Аллаһтың бергені қарай

берсін. Аллаһ ешкімге оған бергенінен артық салмақ

396

Тирмизи, Тахара, 102; Нәсәи, Тахара, 181. 1 динар шамамен 4 гр. 22

сынама алтын.

397

Ханбәл, Муснәд.

398

«Бақара» сүресі, 233.