Previous Page  249 / 360 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 249 / 360 Next Page
Page Background

249

Неке бөлімі

оны қоя берсін. Оларға бергендеріңнен ешнәрсе алушы

болмаңдар»

405

.

«Аллаһ елшісі

(аләйһис-саләту уәс-сәләм)

Қоштасу

қажылығында мұта некесіне тыйым салды»

406

. Пайғамбар

ең соңғы рет өсімге тыйым салғаны секілді осы мұта не-

кесіне де тыйым салған.

إن النبي - صلى الل عليه وسلم - نهى عن المتعة وعن لحوم

الحمر الهلية زمن خيبر

«Аллаһ елшісі

(аләйһис-саләту уәс-сәләм)

Хайбар ғазауатында

мұта некесі мен есек етіне тыйым салды»

407

.

Азаматтық неке

Сондай-ақ осы тақырыпқа қатысты «азаматтық неке»

туралы да айтып кетуге болады. Азаматтық неке қазақ

жастары арасында өкінішке қарай кездесіп жататын

жайттардың бірі. Әсіресе мұндай жағдай шалғай жерлер-

ден үлкен қалаларға келіп университетте оқитын студент-

тер арасында кездесіп жатады. Азаматтық неке – қыз бен

жігіттің болашақта бір-біріне лайық жар бола алатындығын

сынап көру үшін бір-бірімен некесіз қосылып, ата-ана,

жақындары хабарсыз бір үйде бірнеше ай, немесе жыл

бойы тұруларын айтады. Бұл бізге әрине Еуропадан не

болмаса еліміздегі кейбір діні бөлек ұлттардан жұққан

дерт. Тіпті мұның шығу тарихы ертеден басталған деу-

ге болады. Өйткені бір кездері Римде қыз бен жігіттің

некесіз-ақ бір-бірлерімен ерлі-зайыптыларша тұра беру-

леріне қатысты заңдары болған. Сондай-ақ бұл «мұта»

405

Муслим, Никах, 22; Ибн Ханбәл.

406

Муслим, Никах, 18; Ибн Ханбәл.

407

Муслим, Никах, 25-30.