Previous Page  246 / 360 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 246 / 360 Next Page
Page Background

246

Отбасы ғылымхалы

ерінің тірі екенін не болмаса өзін талақ еткені жалған бо-

лып шықса, кейінгі күйеуі де бұдан бейхабар болса екінші

неке жарамсыз деп табылады.

Төртінші:

Бір адамның үш талақпен ажырасқан

әйелінің өзге біреумен тұрмыс құрып, одан қайта ажы-

распай тұрып қайта үйленуі жарамсыз.

Бесінші:

Үйленулері өмірлік харам болған қан,

қайынжұрттық (сихри) немесе сүт туыстарының бірімен

үйленуі жарамсыз. Бұл жерде өзіне жақын екенін білу, не

білмеу мәселені өзгертпейді. Сәби кезінде екі жаққа кетіп

бір-бірлерінің жақын екендерін білмей кейіннен кездесіп

туыс не болмаса сүт бауырлар үйленетін болса бұл жарам-

сыз болып табылып дереу ажырасулары қажет.

Алтыншы:

Уақытша неке қию да жарамсыз. Әбу

Ханифа, Әбу Жүсіп, имам Мұхаммед бойынша мұндай

мерзімі белгіленген неке жарамсыз болып табылады. Олар

мұны «мұта» некесімен салыстырып үкім берген. Мысалы,

бір ер бір әйелге «саған мұнша мәһір беріп, қарымына

сені бір айға өзіме әйел етіп алдым» деп, әйел де осыны

қабылдайтын болса, бұл уақытша неке болып саналады.

Ханафилардан бөлек қалған үш мәзһабта да осы некені

жарамсыз, жалған деп пәтуа берген

402

.

Бұрыс некенің нәтижелері

Бірінші:

Жарамсыз бұрыс некеде ерлі-зайыптылар

бірге тұрулары адал емес. Олар дереу ажырасулары қажет.

Болмаса қазы оларды зорлықпен ажырастырады. Олар

осыдан кейін де бір-бірімен төсек қатынас жасайтын бол-

са, онда оларға зина жазасы беріледі.

Бірақ бұл жерде қателікті түзеуге мүмкіндік болса,

түзейді. Мысалы куәсыз қиылған некені қайта куәлардың

402

Касани, а.а.е. 2/268.