239
Неке бөлімі
қол сұқпауы қажет. Егер ер кісінің бірнеше әйелі бол-
са, олардың барлығына бірдей жақсы қарауы, әділдікті
сақтауы, оларды асырауы керек. Өйткені теңдік болмаса,
әйелдер арасында көреалмаушылық, күндестік орын алып,
қастандыққа, өшпенділікке бой алдырады. Аллаһ елшісі
(аләйһис-саләту уәс-сәләм)
бізді мұндай іс әрекеттерден тыйған. Бұл
туралы Анас ибн Малик
(р.а.)
Аллаһ елшісінің
(аләйһис-саләту
уәс-сәләм)
:
«Бір-бірлеріңмен таласпаңдар, әрі бір-бірлеріңе
көреалмаушылық жасамаңдар, адамның сыртынан сөз
айтпаңдар! Бәрің де Аллаһтың пендесісіңдер бауырмал
болыңдар. Мұсылман адам мұсылман бауырына үш күннен
артық ренжуіне болмайды»
387
,-
деп айтқанын риуаят ет-
кен.
Әбу Һурайра
(р.а.)
Пайғамбарымыздың
(аләйһис-саләту
уәс-сәләм)
«Әйелді әкесінің ағасымен немесе шешесінің
ағасымен некелестірмеңдер»
-дегенін жеткізген. Басқа
бір риуаятта:
«Ағасы айттырып үйленгелі тұрған қызға
інісі үйленбесін. Ағаларың ұнатқан қызға көздеріңді
салмаңдар»
388
,-
делінген.
2. Әпкесі сіңілісінің күйеуіне өзі тұрмысқа шығу
мақсатымен оны талақ етуді ұсыну дұрыс болмайды.
Мысалы: Әпкесі сіңілісінің күйеуіне: «сіңілімді талақ ет
мен саған тұрмысқа шығамын»-деп талап етуі дұрысқа
жатпайды. Себебі мұндай әрекет әпкелі-сіңілінің арасына
дұшпандық тудырады. Екеуінің арасында бауырмалдық
және туысқандық қарым-қатынас үзіледі. Пайғамбарымыз
хадисінде:
«Егер сендер осылай жасайтын болсаңдар,
387
Әдәбул Муфрад, 1-том, 144-бет, 398-хадис.
388
Әл-Муснад әл-Мустахраж ғала сахих әл-Имам Муслим, 4-том, 75-
бет, 3273-хадис.