235
Неке бөлімі
тастайтын болса онда бұл баланы тірі көмгенмен бірдей»
деген Имам Ғазалидің пікіріне қосыламын дейді
381
.
Сондай-ақ, осы тақырыпқа қатысты төрт мәзһабтың
пікірлерін де айта кетелік.
Ханафилер бойынша әлі баланың дене бітімі
жаралмаған болса, онда бұл кезеңде себебіне байланысты
түсік тастауына болады. Баланың жаратылуы жүз жиырма
күннен соң ғана пайда болады. Олар Пайғамбарымыздың
(аләйһис-саләту уәс-сәләм)
құрсақтағы балаға жүз жиырма күннен
соң рух үрленіп жан бітеді деген хадиске сүйенеді
382
. Бұл
кезеңге дейін ұйыған қан болса да адам емес. Сондықтан
себепсіз осы уақыт аралығында түсік тастау мәкрүһ амалға
жатады. Егер себепсіз түсік тастаса онда күнәкар болады.
Жоғарыда айтылған себептер осыған жатады.
Мәликилер бойынша, қырық күннен бұрын болса да
түсік тастау харамға жатады. Сондай-ақ, қырық күннен
бұрын түсік тастауды мәкрүһ дегендер де бар. Егер балаға
жан бітсе, онда түсік тастау харамға жатады. Олар балаға
жан біту қырық күннен кейін болады деген хадисті негізге
алады
383
.
Шафиғилар бойынша, бала көтергеннен бастап
алғашқы қырық күн аралағында себепсіз түсік тастау
– мәкрүһ болумен қатар мүбаһ. Бірақ мұның ерлі-
зайыптылардың ризалығы болуы және сонымен қатар
бала көтерген әйелдің зиянын шекпеуі қажет. Ал қырық
күннен соң себепсіз түсік тастау сөзсіз харамға жатады.
Ханбалилер болса, бұлардың көзқарасы Ханафилердің
пікірімен бірдей.
381
Сонда.
382
Бухари, Бәдул-халқ.
383
Бұл туралы қараңыз: Муслим, Қадәр. Муснәд. 3/397.