231
Неке бөлімі
«Ол сондай Аллаһ, (мәни) судан
373
адам жаратып,
оны ұрпақ және жегжат қылды. Раббың күшті»,
374
-
деп
баян еткен.
Абдуллаһ ибн Омар
(р.анһ.)
Пайғамбарымыздың
(аләйһис-
саләту уәс-сәләм)
:
«Дүние ол бір нығмет. Ал осы нығметтің
ішіндегі ең қайырлысы, ол
–
салихалы, ибалы, инабатты
әйел»
375
,
-дегенін жеткізген.
Әбу Умәмә
(р.анһ.)
Аллаһ елшісінің
(аләйһис-саләту уәс-сәләм)
:
«Мұсылманның Аллаһ Тағалаға деген тақуалығынан кейін
ең қайырлы нәрсесі – оның салихалы әйелі. Егер оған
бір нәрсені орындауды бұйырса, ол оған мойынсынады
(орындайды). Егер оның жүзіне қараса, көңіліне қуаныш
ұялайды, егер одан ұзақ кетсе, онда ол өз нәпсісі мен
күйеуінің мал-мүлкін сақтап, оған ие болып отырады»
376
,
-
деп айтқанын риуаят еткен.
Жетіншіден:
Бұл
–
Пайғамбарымыздың
(аләйһис-саләту уәс-
сәләм)
сүннеті. Ал сүннет ижмағ бойынша нәпілден жоғары
тұрады.
Сегізіншіден:
Сүннетті орындау туралы насихат, ес-
керту бар, Ал нәпілдерді орындау туралы ескерту жоқ.
Тоғызыншы:
Аллаһтың елшісі
(аләйһис-саләту уәс-
сәләм)
бойдақ өмір сүрмеген, отбасын құрған. Көптеген
373
Әл-Хауи әл-Кәбир, 9 том, 3,10-беттерден кейін. Адам баласы осы
(мәни) су арқылы көбейіп, тарайды. Әрі өзінің тегін осы арқылы
басқалардан ажырата біледі. Аяттағы «әс-саһр» сөзі туралы екі түрлі
пікір бар. Оның біріншісі, ана сүті арқылы (бір емшектен емген
бауырлар арқылы) тарайдыдесе, екіншісі көпшілік ғалымдар қолдаған
пікір бойынша некелесу арқылы тарайды дейді. Негізі бірігу, қоғам
болу, адамзаттың араласуы некелесу нәтижесінде болады. Әйелдер
ер адамдармен араласып жүретіндіктен олар бірігуге, одақ құруға,
отбасын қалауға негіз болатыны анық
374
Фурқан сүресі, 54-аят.
375
Сахих Муслим, 109-бет. 1467-хадис. КитабурРидағ
376
Ибн Мәәжәһ, 1-том, 596-бет, 1857-хадис. Китабун-Никах.