227
Неке бөлімі
«Бәлкім Аллаһ Тағала маған бала нәсіп етер, немесе оның
жанын менен бұрын алар». Себебі мен бір түс көрдім.
Онда қиямет-қайым болған екен деймін. Сонда мен барша
адамзаттың арасында бір тамшы суға зар болып шөлдеп
тұр екенмін. Сондай-ақ барлық жаратылыс иелері де
шөлдеп, шаршап-шалдығып тұр екен. Біз осылай қалжырап
тұрғанда жас балалар нұрдан жасалған орамалдар ұстап,
жұртты аралап, күмістен жасалған құмандармен, алтын-
нан жасалған кеселерге біртіндеп су құя бастады. Мен де
олардың біріне қолымды созып: «маған да су беріңдерші,
қатты шөлдедім», -деп су сұрадым. Сонда ол: «біздің ара-
мызда сенің балаң жоқ, біз тек өз ата-анамызға ғана су
береміз,-деді. Сонда мен олардан: «сендер кімсіңдер»,-деп
сұрадым. Олар: біз мұсылмандардың жастай шетінеген
балаларымыз»,- деп жауап берді»
364
,-деген.
Міне сондықтан « Фи иғнати ат-Талибин» және
«Муғни ал-Мухтаж» кітабында
365
келгеніндей некелесудің
басты үш мақсаты бар:
Ұрпақ қалдыру, адам бойындағы оның денсаулығына
зиян келтіретін мәни суын шығарып, ләззат алу. Міне, осы
үшіншісі тіпті жаннатта да жалғасады. Онда ұрпақ көбею
және денсаулыққа зиян келу деген болмайды. Неке ерте-
ден жалғасып келе жатқан үрдіс. Тіпті сонау Адам атадан
бастап бастау алып, жаннатта да жалғасады.
Екіншіден шайтаннан қорғану, нәпсі құмарлықты
басу, шәһуатты дұрыс пайдалану. Сондай-ақ көзді бөтен
әйелдерге қараудан және зина жасаудан сақтану. Бұл ерге
де әйелге де қатысты.
364
Аз-Зауаж әл-Ислами әс-Сағид- Китабун Никах ли Әби Хамид әл-
Ғазали -Тахқиқ. Мухаммад Ғусман әл-Хашат, 21-22- бет, мактабатул
Қуран.
365
ИғанатутТалибин, 3-том, 253-бет, Муғни әл-Мухтаж, 3-том, 124-бет.