Previous Page  228 / 360 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 228 / 360 Next Page
Page Background

228

Отбасы ғылымхалы

Некелесу ең жақсы табиғи жол

. Осындай шариғи

жолмен некелескен адам денесін рахатқа бөлейді, нәпсі

күресін тоқтатады, харамға қараудан тыйылады. Аллаһтың

адал еткенімен жүрегі орнығады.

Бұл жайлы Аллаһ тағала Құран Кәрімде:

َوَمِنْ آيَاتِهِ أَنْ خَلَقَ لَكُمْ مِنْ أَنْفُسِكُمْ أَزْوَاجًا لِتَسْكُنُوا إِلَيْهَا وَجَعَلَ

بَيْنَكُمْ مَوَدّةً وَرَحْمَةً إِنّ فِي ذَلِكَ لَيَاتٍ لِقَوْمٍ يَتَفَكّرُون

«

Сендерге, оған тұрақтауларың үшін өз

жыныстарыңнан жұбайлар жаратып, араларыңа

сүйіспеншілік, мейірімділік пайда қылғандығы да Оның

белгілерінен. Сөз жоқ, осыларда ойланған елге белгілер

бар

»,

366

-

деген.

Бұл аяттың екі түрлі тәпсірі бар:

Бірінші

: некелесу сүйіспеншілікке, махаббатқа, мей-

ірімділікке бастайды.

Екіншісі

: жұбайына сүйіспеншілік, ал баласына мей-

ірімділік болады. Осы жайында Хасан әл-Басри

367

: «неке-

лесу арқылы ерлі-зайыптылар бір-бірінен рақат, ләззат

алады. Осылайша адам шаттанып, адал жарымен өзін

бақытты сезінеді.»

368

,- деген.

Үшіншіден

: Ер азамат отбасын тәрбиелеуге, қорғауға,

қамқорлығына алуға және жауапкершілікті көтеруге

машықтанады. Оның жолында қиындыққа шыдайды.

Балаларының дұрыс өсуіне күш-жігерін жұмсайды, тұлға

болып қалыптасуына жағдай жасайды. Әрі отбасы үшін

адал кәсіп етіп, тамақтандырады. Өзін ғана түзетумен

366

Рум сүресі, 21-аят.

367

әл-хауи әл-Кабир, лиәби әл-Хасан Әли бин Мухаммад Хабиб әл-

Мәуруди әл-Басри, 9-том, 3-бет.

368

Әл-Мухтар журналында келтіріледі. 1946-жыл, нисан айында жарық

көрген. 27-бетінде.