Previous Page  229 / 360 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 229 / 360 Next Page
Page Background

229

Неке бөлімі

ғана емес, балаларын да түзетумен шұғылданады. Сөйтіп

үйлену арқылы адам қоғаммен араласады.

Сондай-ақ отбасының және балаларының тәлім-

тәрбиесіне сабырлықпен тиянақтылық танытса, оларға

жақсы тәрбие берсе, онда ол адам Аллаһ жолында соғысқан

адамның мәртебесімен бірдей сауап алады.

Бәшар: «Ахмад ибн Ханбал үш қасиетімен меннен

артықтау. Соның бірі ол отбасылы болғандықтан адал

еңбек етіп, өзіне және өзгеге пайдасын тигізеді»,- деп

отбасылы адамның жоғарырақ сауап алатынын айтады.

Әбу Масғудтан

(р.анһ.)

жеткен хадисте пайғамбарымыз

(аләйһис-саләту уәс-сәләм)

:

« Егер бір кісі отбасының напақасын

тауып берсе, онда ол оның берген садақасы болып

саналады»

369

,

-

деп айтқан.

Ибн Мубәрак бауырларымен бірге соғыста жүреді.

Бірде ол бауырларынан: «Сендер біздің осы ісімізден

артық істің не екенін білесіңдер ме»? –деп сұрайды.

Сонда олар: «жоқ білмейміз»,- деп жауап береді. Ол: «мен

білемін»,-деді. Олар: «ол не екен»?-деп оған қарайды. Ол:

«отағасының өз отбасына жақсы қарап, жұмсақ болса,

түнде тұрып, балаларына қарап, олардың ашық жерін жап-

са, киімімен жауып қымтаса, онда оның осы ісі, біздің осы

амалымыздан әлдеқайда артығырақ болмақ»

370

, - дейді

.

Төртіншіден:

отбасындағы күнделікті атқарылатын

істерді бөлісу, ретке келтіру, сыртқы атқарылатын

жұмыстарды реттеу. Әйелі үй шаруаларымен айналысып,

ерінің сыртта алаңсыз жұмыс істеуіне мүмкіндік туды-

рады. Ал күйеуі болса, адал жолмен кәсіп етіп, отбасына

қажетті напақалары мен қажетті заттарды жеткізіп оты-

рады. Осылайша үйлену өзінің берекелі жемісін береді.

369

Әл-Бухари, 1-том, 213-беттен, 52-хадис, Китабул Иман.

370

Ихиааи Ғулумуд-Дин, 2-том, 32-бет.